Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кейкі батырдың басы Санкт-Петербургтегі кунсткамерадан  табылды

 Аты аңызға айналған Кейкі батырдың басын зерттеушілер Санкт-Петербургтегі кунсткамерадан тапты. Ол   қазына “Адамдардың жолы” (“Дорога людей”) топтамасының фильміне дайындық барысында табылған.

1

Бұл туралы “Мир” МТРК ұлттық филиалының директоры Асқар Әлімжанов  “Караван” газетіне берген сұхбатында айтқан. Қазір мұрағаттар Омск, Оренбург, Мәскеу және де басқа қалалардың бірінде мұражайында сақтаулы екен.

“Адам басын шауып алу әдеті көптеген елдерде сақталған. Соның ішінде Қазастанда бұл дәстүр 1923 жылға дейін болған екен. Батырдың басын өз жерімізге қайтарып, өзіміздің салтымыз бойынша жерлеуіміз керек. Ол біз үшін өте бағалы, біздің тарихи жәдігеріміз” , – деді Асқар Әлімжанов.

Айтуынша, түсірілім тобы батырдың сүйегін туған жеріне қайтарылуын сұрап Қазақстанның Мәдениет министрлігіне хат жолдаған. Бірақ, одан әлі жауап келмеген.

Кейкі-батырдың шын есімі – Нұрмағамбет Көкембайұлы. Ол 1916 жылғы Торғайда болған ұлт-азаттық көтерілістің белсенділердің бірі болған. Үкімет 1923 жылы оны тұтқындамақшы болған. Сол кезде ол миллиционерлерге қарулы қарсылық көрсетіп, сол жерде атылған болатын. Кейкі батырды үлкен шаубылмен әрең алып, өлтіріп, артынан басын шауып алып, Мәскеуге Владимир Ленинге сыйлық етіп жіберілген екен.

Сонымен қатар Асқар Әлімжановтың айтуынша, неміс этнографы Рихардом Карутцтың балауыз білікшесіне түсірілген бірнеше ақынның шығармасы тапқан.

“Көпшілігі әуенге жазылған аудиожазбаны алғашқы болып Әміре Қашаубаевтың Парижде шыққанын айтады. Расымен оған дейін аудиожазбаны ешкім қолданбаған.  Дегенмен  1903–1908 жылдары  неміс зерттеушісі Рихард Карутц Батыс Қазақстанды аралап, сол кезбен салыстырғанда оның қолында  озық техника болған. Ол аудиожазбаларды балауыз білікшеге жазып отырған екен”, – дейді ол.

Негізгі жазбаның түпнұсқасы Германияда сақталған. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін білікшені Санкт-Петербургтағы Пушкин мұражайына апарған. Сол жерде оның көшірмесін жасап, тұп нұсқасын орнына қайтарған. “Жергілікті сақтаушылардың айтуынша, бұл мұраның алғақшы іздеушілері біз екенбіз. Тіпті, қазақстандық мамандарда бұл жазбалардың 1908 жылға жататынын растады. Қазіргі техника оны цифрлық форматқа көшіруге болады”, – дейді Асқар Әлімжанов.

Оның айтуынша, алдағы уақытта түп нұсқасы сақталған жерге, Германиядағы мұражайға экпедициясы жасамақшы. Бірақ қаржыландыру мәселесі шешілген соң белгілі болады екен.

Сонымен бірге Қасымовтардың үйіне тиесілі белдемшені ұрпағының бірі Кунсткамераға сыйланған екен. Түсірілімнен кейін белдемшені тазалағанда  абайсызда белдіктің айылбасы ашып алады. Оның астында XVIII ғасырдан сақталған жазба болады. Қазір петербургтің ғалымдары кішкене кетіңкіреп қалған арабша жазбаны анықтап жатыр екен.

Талқылау