Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аты аңызға айналған ауыр атлет өмірден өтті

Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы, даңқты ауыр атлет Леонид Жаботинский 77 жасында өмірден озды. Өлімнің себебі әзірге хабарланған жоқ.

1003510856

Даңқты зілтемірші екі рет Олимпиаданың (1964, 1968), төрт рет әлем чемпионатының (1964, 1965, 1966, 1968), екі рет Еуропаның (1966, 1968) және бес рет КСРО-ның (1964, 1965, 1966, 1968, 1969) чемпионы атанған. Атлет әлемнің – 19, Кеңес Одағының – 20 және Украинаның 58 рет рекордын жаңартқандығымен де танымал.

1979 жылы Запорожьеде Леонид Жаботинскийдің бастамасымен ауыр атлетикадан олимпиадалық резервтегі «Спартак» жасөспірімдер спорт мектебі ашылып, оған атлеттің есімі берілді. Қалада жыл сайын Жаботинский жүлдесі үшін турнир өткізіліп келеді. Спортшы екі рет КСРО-ның Еңбек Қызыл Ту орденімен, Украинаның «Еңбек сіңіргені үшін» орденінің II және III дәрежесімен марапатталған. Ол сондай-ақ Запорожьенің құрметті азаматы болған.

Леонид Иванович Жаботинскиймен қоштасу рәсімі 16 қаңтар күні сағат 10:00-11:00 аралығында Украинаның Запорожье қаласы, Лермонтов көшесі, 21-үйде (Л.И.Жаботинский атындағы спорт мектебі) өтеді.

Талқылау