Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аты аңызға айналған Ангелина Вовк бетіне ота жасатты

Жасы бүгінде 73- ке келген, аты аңызға айналған тележүргізуші Ангелина Вовк бетіне пластикалық операция жасатты.  750347300

Бұл туралы Ras.kz хабарлайды.

Тележүргізуші бұл процедураны студенттері алдында әдемі көріну үшін жасатқанын мойындады. Ангелина Вовк бұдан екі апта бұрын пластикалық хирургия клиникасына бірінші рет келген. Сол жерде оған бес түрлі процедура ұсынылған. Олардың арасында бетті операциясыз тарту, контурлы пластика жасау және ботокс екпесін салу бар. Емханада сондай-ақ, беттің суретін түсіріп алып, фотошоп арқылы нәтиженің қалай болатыны тексерілген.

Бұрнағы күні Вовк бірінші процедурасын өткізді. Ол ультрадыбысты лифтинг деп аталады.

«Мен салауатты тұрмыс салтын ұстанамын. Дұрыс тамақтанамын. Әрбір таңды бидай дәндері салынған жөке ботқасын жеуден бастаймын. Күніне екі литр су ішемін. Менің анам өмір бойы өзін бір қалыпта ұстаған адам еді. Мен содан үлгі алдым», – дейді А. Вовк.

«Жасты жасыруға болмайтынын жақсы түсінемін. Мұның өзі ақымақтық болып шығар еді. Бірақ мен өзімнің 73 жасымда өзімді жас сезінемін, бойымда қуатым жетерлік. Бұған қоса, мәдениет институтында шешендік өнерден сабақ беремін. Сондықтан өзімнің студенттерімнің, сондай-ақ немерелерім 14-тегі Ангелина мен 13-тегі Аннаның алдында әдемі көрінгім келеді. Бұлар – менің өкіл балаларымның қыздары», – деді атақты тележүргізуші.

Ангелина Вовк 1942 жылғы 16 қыркүйекте Иркутск облысындағы Тулун стансасында туған. Әкесі – әскери ұшқыш. 1944 жылы соғыста қаза тапқан. Осыдан кейін отбасы Мәскеуге көшіп келеді. Ангелина 1965 жылы ГИТИС-тің актерлік бөлімін бітірді. Бірақ өмір бойы телевидениеде қызмет етті.

Бірінші күйеуі – Геннадий Чертов өзімен ГИТИС-те бірге оқыды, актёр, Орталық телевидениеде диктор болды. Олардың некелері 16 жылға ұласып, 1966-1982 жылдары бірге тұрды.

Екінші күйеуі – Индржих Чехословакияның «Брандов» киностудиясының суретшісі. Ұлты – чех. Олар екі елде тұрды, Индржих – Чехословакияда, Ангелина – Ресейде. Олардың некелері 13 жылға созылды (1982-1995).

Ангелина Михайловнаның өз балалары болған жоқ. Сондықтан өкіл қыздарының балаларын немере санайды.

Талқылау