Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраудағы қонақ үйдегі өрт: Зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Атырауда қонақ үйдегі өрт салдарынан ауруханаға түскендердің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап. 

Атыраудағы қонақ үйдегі өрт: Зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

«Жексенбінің түнінде өрт болған қонақ үйге барған жедел жәрдем бригадаларымен облыстық ауруханаға 3 адам жеткізілді. Олардың екеуі Атырауға Оралдан келген спортшы балалар болса, біреуі – 42 жастағы әйел. Олар иіс тиіп, уланып қалған. Зардап шеккендерге тиісті медициналық көмек көрсетілді. Балалар ауруханадан шығарылды. Әйелдің жағдайы тұрақты. Ем алып жатыр. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», - дейді облыстық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметіндегілер. 

Еске сала кетсек, 16 маусымға қараған түні Атыраудағы "Райхан" қонақ үйінде өрт болды. Оқиға орнынан құтқару қызметіне түнгі сағат 01:19-да хабар түсті. 

«Өрт саунаның жерасты қабатындағы пар бөлмесінен басталған. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер саты арқылы шығып, 3 бала мен 31 ересек адамды, 29 баланы құтқарды», - деді Қазақстанның ТЖ жөніндегі комитеттің баспасөз қызметіндегілер. 

Құтқарылғандар мен сыртқа шығарылғандар – Оралдан жарысқа келген балалар. Оқиғадан зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. 

Талқылау