Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында ойда-жоқта көл пайда болды

Атырау облысы Мақат ауданында ешқандай су көзі жоқ елдімекенде көл пайда болды. 

kol

Ойда-жоқта пайда болған құбылыс жайлы гидрологтар болжам жасады. Айтуларынша, аудандағы жерастында мұнай мен газдан бөлек тұщы су көзі қоры бар, деп жазады 24 хабар арнасы.

Көл екі төбе арасында бірнеше күн ішінде пайда болды. Мамандардың бағалауынша, онда 5 мың кубтан кем емес су жиналған. 

Орал-Каспий бассейні инспекциясы бас маманы Ляззат Қалмағанбетованың айтуынша, бұл гидрологиялық ұңғыма, сол жер жерден су пайда болған. Енді бұл су көзінің қайдан пайда болғанын анықтау мәселесі тұр.

Облыстық экология департаментінің зертханалық бақылау бөлімінің меңгерушісі Жолдасқали Телағысов атап өткендей, судың құрамы белгісіз. 

"Суда қанша пайыз тұз бар, ауыр металл бар ма, басқа не кездеседі. Мамандарымыз осыны анықтайтын болады", - дейді ол. 

Аудан тұрғындары да бұл сұрақтардың жауабын күтіп отыр. Ішуге жарамды тұщы судың жоқтығы ауыл шаруашылығының дамуына кедергісін келтіреді. 21 елдімекен бүгінде орталық су көзіне қосылмаған. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр