Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атбасарда қымбат көлігімен адам басып өлтірген байдың ұлы ұсталды

Бір күн бостандықта болып, қайта қамалды! Ақмола облысының Атбасар қаласында «Тойота ланд крузермен» 2 адамды қағып кетіп, оқиға орнын тастай қашқан 30 жастағы азаматты полиция екінші рет қамауға алды, деп хабарлады КТК.

Атбасарда қымбат көлігімен адам басып өлтірген байдың ұлы ұсталды

Өңірге белгілі кәсіпкердің баласы ерлі-зайыптыларды қағып кетіпті. Әйелі оқиға орнында қаза тапқан. Ал оның ауыр жараланған күйеуі қазір ауруханада жатыр. Бұған дейін де жол жүру ережесін жиі бұзып, талай жанжалға себепкер болған бай баласына қатысты екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалған. Дегенмен, оны 3 күннен кейін бостандыққа жібере салыпты. Бұл жағдай жұрттың ашу-ызасын тудырған. Күдікті осыдан кейін барып қайтадан қамауға алынды.

“Оны сол күні полиция қамауға алған. Содан кейін  Атбасар аудандық прокурорының қаулысымен бостандыққа жіберілді. Прокуратура бұл қылмысты аса ауыр емес, орташа санаттағы қылмысқа жатады дегенді негізге алған. Тергеушілердің талап ұсынысымен сот қарап, кеше кешкісін қайта қамауға алдық”, – дейді Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук.

Тағы оқыңыз: 

“Бір сағатқа жалданатын” қазақстандық қыздар жұмыстары жайлы айтып берді

Құтқаратын ешкім болмаған: Таразда екі бүлдіршін өртенген үйден шыға алмай көз жұмды

Танымал қазақ сатиригі өзінен 32 жас кіші әйелін көрсетті (фото, видео)

Әкесінің екінші рет үйленгеніне төзе алмаған қазақ қызы пластикалық отаға тәуелді болып қалған

Талқылау