Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкім жол құрылысын жасап жатқан ауыл тұрғындарына қатысты пікірін айтты

Атамекен ауылының әкімі Махмұт Қалжанов тұрғындардың жол салып жатқанын естігенін, бірақ олардың шағымданғанындай ешкімнің келіп өтініш жасамағанын айтады, – деп хабарлайды Stan.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

1448522190_kdv3vxvpo7y

Сондай-ақ, жақын уақытта әкімшілік тарапынан жол жасауды күтпей-ақ қою керектігін ескертті. Әкім Арай ауылының тұрғындары түнделетіп жол жасап жатқанынан хабардар екенін, бірақ одан ешкім көмек сұрап келмегенін айтады. Егер көмек сұраса, тым болмағанда техникалық құралдарын жеткізіп берер едім дейді ол.

– Маған ауыл тұрғындарының ешбірі келіп көмек сұраған жоқ. Егер сұраса техника жағынан көмек қолымды созар едім. Бізде басты жол жасалып жатыр. Соған орай барлық техника құралдары жұмыс істеп тұр. Ауыл тұрғындары жолға құм төсеп шықсын, мен техникалық жағын реттеп берем. Бір күнде болмаса да, бірнеше күнде бітіруге болады. Дәл қазір бюджеттен жол жасауға ақша бөлінген жоқ. Қазіргі уақытта құбырларды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Ол аяқталған соң, жол жасау, тротуар жасау сынды жұмыстарды қолға алуға болады, – деді ауыл әкімі.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, олар өздерінің қаражатына трактор жалдаған. Бұдан кейін де атқаратын жұмыстары көп. Сондықтан олар әлі де болса әкім көмегінен үміт етіп отыр.

 

 

Талқылау