Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Атамекен” әнін шырқаған қойдың басы көптің ашуын келтірді (видео)

Әлеуметтік желіде қазақтың екінші әнұранына айналған «Атамекен» әнін орындаған қойдың басы қошеметтің орнына үлкен сынның астында қалды.

0a29d0ef57ced3a7c1d1ed4eda5e2ff6_L

Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

«Атың шықпаса, жер өрте» демекі, әлеуметтік желіде нені болса соны түсіріп, қалайда жұрт көңілін аудару әдетке айналғалы қанаш. Енді басқа амал қалмағандай, қазақ ең силы қонағына ет асып, табаққа тартатын қойдың басы интернет-пайдаланушыларың кезекті ермегіне айналса керек.

Әлдекім фейсбук әлеуметтік желісіне «Атамекен» әнін орындаған піскен қойдың басы туралы видео орналастырған. Алайда, ол күлкінің орнына желі пайдаланушыларының наразылығын тудырды.

Солардың бірі видеоның соңынан «Қызық ештеңеде жоқ……Не болды малдың басымен ойнап миға сыймайтын дүние жасайсыңдар -ау қазақтар өзіміздің мәдениетіміз төмен екендігін осылай көрсетеміз, байқаңыздар кейін бастарыңыз осылай ойыншық болып жүрмесін. ……алда не күтіп тұрғаны Аллаға аян….», – деген пікір қалдырған.

Тағы бір пікір білдіруші наразылық отын басып, видеоға аса көп мән бермей, күле білуге үйретпекші болып еді, бірақ қазақтың ұлттық тағамын ойыншық қылған бұл видеоның фб-ышларға ұнай қоймағаны анық.

Баяғыда ата-әжелеріміз «аспен ойнама» деп үйретуші еді. Жеңіл күлкі үшін «қастерлімізді» өзіміз келеке қылуды доғармасақ, ұлттық құндылығымызды өзгеге сыйлата алуымыз екіталай.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда жол бойында әйел адам бір топ еркекпен төбелесті (видео)

Қаскелеңде жас жұбайлар ерте ғасырлардағыдай күймемен серуендеді (видео)

Оқушы бала “президентке хабарласып” полицейлерді қорқыта жаздады (видео)

Мейрамбек әзілдеспек болған Лұқпанға ыстық қасық басып алды (видео)

Талқылау