Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атамбаев президенттік қызметтен кеткеннен кейін немен айналысатынын айтты

Қырғызстан презизенті Алмазбек Атамбаев президенттік өкілеттілігі аяқталғаннан кейін немен айналысатынын айтып берді.

943779

Фото: Sputnik / Алексей Дружинин

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Президент лауазымын тапсырғаннан кейін өзі құрған Социал-демократиялық партияның шаруаларымен айналысуға ниетті.

“Мен партия жұмысына араласамын. 2020 жылғы парламент сайлауына орай үміткерлер тізімін дайындаймыз”, – деді Атамбаев.

Ол сондай-ақ, қандай да бір мемлекеттік қызмет атқарғысы келмейтінін де айтты. Айтуынша, оны шенеунік болып лауазымды қызметте отыру түк те қызықтырмайды екен. Тиісінше, қызметтен кеткеннен кейін де қоғам оның айтқанына құлақ асады деген үміті барын да жасырмады.

“Егер елің саған сенсе, онда сенің қызметің бар-жоғына қарамастан сыйлап, сенім білдіреді”, – деді ол.

Атамбаевтың президенттік мерзімі 2017 жылы аяқталады. Қырғызстан Конституциясы бойынша тек бір реттік ғана президенттік мерзім қарастырылған.

Оқи отырыңыз:

Күйеуі әйелі мен балаларын 10 жылдан бері секс-құлдықта ұстап келген

Ресейде ЖОО мұғалімінің жас қызбен жыныстық қатынаспен айналысқан сәті желіге тарап кетті

Дағыстанда екі қыз ұятсыз SMS жіберген жас баланы зорлап кетті

Интимді сурет АҚШ-та жүрген қазақстандыққа іздеу салуға себеп болды

Талқылау