Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атамбаев президент болған жылдары қай елдерге тіл тигізді (фото)

Қырғызстан президенті осыған дейін де бірнеше рет өзі бастаған дипломатиялық даудың ортасында қалған. Осы ретте назарларыңызға президент болған жылдары Атамбаев тіл тигізген елдерді тізбелеп шықсақ.

Бұл туралы Kaktus.media жазады.

Қазақстан

Қазақстан мен Қырғызстан арсында болған соңғы дауға әлі ай да толған жоқ. Атамбаев екі ел арасындағы шекарадағы жағдайдың қиындауына Қазақстан тарапын кінәлап, мұны өз еліне көрсетілген қысым деп қабылдады. Сондай-ақ, қырғыз басшысы Назарбаевты Өмірбек Бабановты қабылдағаны үшін кінәлап, Қазақстан Қырғыз Республикасының сайлауына араласқысы келеді деп айып таққан еді. Кейін әскерилер алдында сөйлеген сөзінде Атамбаев “Қырғыз еліне қылыш ұстап келгендер, басын қалдырып кетеді” деп кезекті рет Қазақстанға тиісе сөйледі.

Кейін ол Назарбаев туралы эмоцияға беріліп пікір білдіргенін айтып, кешірім сұрағандай болды. Бірақ, Назарбаевтың жанында жүрген олигархтар мен миллиардер туралы айыптай сөйледі.

АҚШ

2015 жылдың жазында АҚШ мемлекеттік департаментінің адам құқығын қорғау саласы бойынша қырғызстандық Әзімжан Асқаровқа марапат тағайындайтыны туралы белгілі болды. Бұл бастама Қырғыз елінің наразылығын тудырып, сыртқы істер министрлігі қарсылық ретінде нота жолдаған, ал министрлер кабинеті АҚШ үкіметімен жасалған қос тарапты келісімнің біржақты түрде күшін жойды.

Шолпан-Атадағы баспасөз мәслихатында Қырғызстан президенті АҚШ-ты халықаралық жанжал тудырды деп айыптады.

Беларусь

2015 жылы Минскіде ірі криминалдық беделді адам Алманбет Анапияев өлтірілді. Басты күдікті ретінде Жаныш Бакиев (ағасы Құрманбек Бакиев президент болып тұрғанда ол мемлекеттік күзет қызметін басқарды) аталған. Сонымен қатар Бакиевтер отбасын жақын Айбек Абдыразаков пен Рустам Сайдуллаев те күдіктілер қатарына ілінді. Бірнеше күннен соң Атамбаев ашулы пікір білдірді.

“Беларусь билігі бұл криминалды отбасының былықтарын білу үшін Бакиевтер тағы кімді өлтірулері керек? Бұлар өздерін паналатып отырған Беларусь елінде қан төгіп жүре береді. Қырғызстан бес жыл бойы Минсктен қылмыскерлерге іздеу жариялап, халықаралық конвенция негізінде оларды бізге беру туралы өтініш жасап келеді. Ал ресми Минск оның орынына Бішкектің заңды талап етуіне қарсылық білдіреді. Белорусия бұл бандиттерге ұлттық төлқұжат беріп, мемлекеттік сыйлықтармен марапаттап жүр”.

Түркия

2016 жылдың шілдесінде елде билікті әскерилердің басып ала жаздаған оқиғасы шу ете түсті. Түрік билігі бұл төңкерісті ұйымдастырды деп АҚШ-та тұратын Фетхуллах Гүленді айыптаған. Ал Түркия СІМ-і Гүлен жақтастарына қарсы шара қабылдау турасында Бішкекке хабарласты. Бұл ретте Түркия қырғыздарға қаржылық тұрғыдан қолдау беретіндерін емеурінмен білдірген. Бұған жауап ретінде Атамбаев Түрік билігі көмектесе алатынын, бірақ өз шарттарын күштеп орындата алмайтынын жеткізді.

“Мемлекет ешқандай шарт қоймай көмектесуі керек. Мұндай көмек бізге керек емес, кері қайтып алсын. Көмек берем дегендері үшін алғыс әрине, бірақ өз шарттарын бізге орындата алмайды. Егер сонша ақылды болса неге мемлекеттік төңкеріске жол беріп қойып отыр? Әрине барлық кеңесті тыңдап, ақпаратты тексереміз. Бірақ, біздің қорқытып, үйретіп керегі шамалы”.

Ресей

Шолпан-Атада өткізген баспасөз мәслихатында Атамбаев

“РФ Нарында гидроэлектр станциясын сала алады. Мемлекеттің келісімге қол қойып, оны ратификациялап, сосын оны орындаудан бас тартатыны өте өкінішті. Владимир Путинге реніш жоқ. Біз келісім күшін жоярдан бұрын ол мені төрт рет келіссөзге шақырды. Бірақ, үнемі сылтау. Менің ойымша сөз бердің бе, онда оны орындау керек”, – деді Атамбаев.

Сосын Ресейге қатысты айтқан мына сөзі де бар.

“Бір ел Қырғызстанда ветеринарлық және фитосанитарлық зертхана құрылысын салу мен жабдықтауға ақша беруге уәде етті де, сосын бір тиын да берген жоқ. Бұл әрине дұрыс емес. Біздің қамсыз отыруымыз үшін олар әдейі солай істеп отыр ма сонда. Бұл бәсеке, барлық жерде бәсеке”, – деді президент. Атамбаев оның нақты қай ел екенін айтпаса да, сарапшылар оның Ресейді меңзегенін бірден түсінді.

Өзбекстан

Қырғызстан мен Өзбекстанның алғашқы президенті Ислам Каримовтың ара-қатынасы онша жылы болған жоқ.

2014 жылы Өзбекстан көгілдір отынның жолын бөгеп тастап, Қырғызстанның оңтүстік облыстары біраз уақыт газсыз қалды. Осы жағдайға байланысты Атамбаев Өзбекстанды “проблемасы көп ел” деп атап, реніш танытты.

Ал Каримовтың өлімінен кейін, жаңа келген президентті құттықтаған Атамбаев, Мирзиеевтің билік басына келуін “Енді міне Өзбекстанда дұрыс президент пайда болды” деп бағалады.

Оқи отырыңыз:

Өзбекстанда әртістер жаппай мақта теруге жіберілді (фото)

Дубайда бейтаныс еркектің санынан ұстап алған азамат сотталып кетті

Қырғызстан Қазақстанның 100 млн доллар көмегінен бас тартқанын ресми түрде жариялады

«Титаник» кемесі жолаушысының анасына жазған хаты аукционға қойылды

Талқылау