Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атамбаев: Аштық кезінде жүз мыңдаған қазақ біздің халқымыздың арқасында тірі қалды

Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстанмен арадағы шекарада орын алған жағдай туралы өз пікірін білдірді.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазады.

Атамбаев жұма күні қырғыз әскерилеріне арналған көппәтерлі үйлердің ашылу салтанатына қатысқан. Саясаткер соңғы бірнеше күнде Талас, Ош, Жалал-Абад облыстарында жұмыс сапарымен болғанын айтып берді.

“Осы үш күн ішінде мен қырғыз-қазақ шекарасында болып жатқан жағдайларды бақылап отырмын. Ол жерде Еуразиялық экономикалық одақтың барлық нормалары мен келісімдері бұзылып жатты. Біздің халық көп қиындықты басынан кешірді. Қырғыз жазуының үш мыңжылдық тарихы бар, яғни біздің халқымыздың тарихы да осындай уақытқа созылады. Үш мыңжылдық тарихы бар халық ешқашан үш күндік қоршау қорқыта алмайды, ешқандай қысым, ақша, қорқыту әрекеттерінің салдарынан шетелдің қалаған “адамдарын” сайламайды, —деді Атамбаев салтанатты жиын кезінде.

“Біз 2010 жылы не көрмедік – бір жарым ай қоршауда болды, адамдардың қиналғанын да көрдік, сондықтан қазіргі заңсыздықты да жеңіп шығамыз. Бірақ біз өз тәуелсіздігімізді қорғап қаламыз. Өкінішке орай, біз елімізге шетелдік әскердің басып кіруінен ғана емес, Қырғызстанға президент ретінде шетелдің “таңдаған” адамын таңу арқылы да өз тәуелсіздігімізден айрылып қалуымыз мүмкін екенін көріп отырмыз. Мұндайға жол берілмейді! Менің білуімше, ешқашан мұндай жағдай орнамайды!”, — деп қосты Атамбаев.

“Егер кімде кім өз көршісінің үйін өртегісі келсе, желдің бағыты өзгеріп, өз үйін де өрт шалуы мүмкін екен есте сақтау керек. Біз сияқты көршілес елдерге бейбіт қарым-қатынаста, достықта өмір сүріп, бір-біріне көмектесу қажет. Қазақстанда болған аштық кезінде жүз мыңдаған қазақ соңғы нанымен бөліскен біздің халқымыздың арқасында тірі қалды”, — деп жалғастырды өз сөзін президент.

Атамбаев қырғыз халқын ақша сатып алуға немесе қорқытуға болады дегендер қателесетінін айтып өтті. “Қырғыз халқы ешқашан тізе бүккен емес, тізе бүкпейді де”, — деді мемлекет басшысы.

Атамбаев тәуелсіз Қырғызстан өзінің болашаққа бағыттаған түзу жолымен жүре беретінін атап өтті.

“Өздеріңіз куә болғандай, соңғы бес-алты жыл ішінде республикада бірқатар өзгерістер болды. Бұған дейін Ресей президенті айтқандай, біздің әскеріміз жалаңаяқ болатын. Олар тіпті аш жүретін де еді. Ал қазір Қырғызстан әскерилерінің лайықты еңбек ақысы бар, олар үймен, киім-кешекпен қамтамасыз етілген. Біздің әскеріміздің саны аз болғанымен, әскери қуаты жоғары. Бұл үшін мен біздің әскерилерге, олардың тәрбиелеген ата-аналарға және олардың жұбайларына алғыс айтамын”, — деп түйді өз сөзін Қырғызстан президенті.

Еске салсақ, бұған дейін Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстан басшылығын өз елдеріндегі сайлауға араласты деп айыптап, қазақстандық байлар өз елдерін тонап жатыр деп пікір білдірген еді. Кейін көрші ел басшысының бұл пікіріне еңбек және әлеуметті қорғау министрі Тамара Дүйсенова жауап қайтарды.

Ал бүгін Сочи саммитін қорытындылаған президент Назарбаев та Қырғызстандағы сайлауға араласты деген айыптауға қатысты жауап берген.

Тағы да оқыңыз:

Путин мен Назарбаев Қазақстанды ғарыш державасына айналдырмақ

ҚР президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды

Алмазбек Атамбаев Назарбаев қатысатын саммитке барудан бас тартты

Мұхтар Алтынбаевтың ұлы қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Талқылау