Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атақты шабандоз әйелдің көлігі саудаға қойылды

Classic Driver Sotheby’s аукцион үйі америкалық шабандоз әйел Донна Мэй Мимс мінген Austin-Healey Frogeye Sprite көлігін саудаға шығарды.

1931526c9b0da0c5d84f3b2c1f34f8ad_L

Бұл туралы 24.kz сайты хабарлайды.

The Classic Driver хабарлауынша, Pink Lady атанып кеткен спортшы әйел 1963 жылы дәл осы көлікті мініп, SCCA (Sports Car Club of America) чемпионатын ұтты. Сол кезде Мимс жарысқа қызғылт түсті комбинезон мен шлемді киіп шығып, қызғылт түсті көлікке мініп, жүйтки жөнелген екен. Шығарылғанына жарты ғасырдан астам уақыт өткен темір тұлпардың құны 60 мың доллардан басталады. Аукционға шығарылмас бұрын көлік күрделі жөндеуден өткізілді. Айта кету керек, Мимс АҚШ-тағы көліктер жарысынан ұлттық чемпионатта жеңген алғашқы әйел болды.

Талқылау