Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атақты Nokia бренді қытайларға сатылатын болды

Финляндияның ең атақты брендін Қытайдың электроника алыбы Foxconn зауыты сатып алатын болды. Жалпы қалта телефоны нарығында бұл фин брендінің осыдан он жылдай уақыт бұрын бәсекелесі болмаған еді.

Nokia-Нокиа-buytelecom.ru-_-600x400

Сурет abnews.ru

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Алайда сол кездерден бері шыққан смартфондар финнің танымал өнімін шетке ығыстырып, ақыры 2013 жылы Nokia-ны Microsoft сатып алды. Негізін Билл Гейтс қалаған компания шығарған Lumia смартфоны да жағдайды түзете алмады. Себебі Windows Phone платформасы Android және iOS жүйелерінен артта қалып, шаң қапты.

Аталған себептердің барлығына байланысты Microsoft компаниясы Nokia брендімен смартфон шығару құқығын Қытайдың Foxconn зауытына сатуды ұйғарды.

Талқылау