Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атақты «Милан» клубы Қазақстанда өз мектебін ашпақ

Алдағы уақытта Қазақстанның жас футболшылары елден шықпай-ақ, еуропалық мамандардан шеберлік сабақтарын алуға мүмкіндік алады. Аты аңызға айналған италиялық «Милан» клубы елімізде өз филлиалын ашуды жоспарлап отыр.

Безымянный

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

Ал жұмыстың бастамасы ретінде 23-25 тамыз аралығында «Милан» футбол клубы балалар академиясының бапкерлері жас футболшыларға шеберлік сыныбын өткізеді.

«Асыл бала» республикалық Қауымдастығы «Олимпионик» әлеуметтік қорымен бірлесіп, 2016 жылдың 4 маусым мен 14 тамызы аралығында мини-футболдан аула командаларының арасында турнир өткізген болатын. Турнирге футболға қызығатын 200-ден астам бала қатысты. Нәтижесінде турнирде 1 және 2-орынға ие болған, құрамында 34 футболшысы бар 2 командаға (7 Континент, Отандастар) және 3 үздік футболшыға «Милан» клубы балалар академиясы бапкерлерінің шеберлік сыныбынан өтуге мүмкіндік берілді. Ал қалған 13 футболшы жеке қаражатымен шетелдік мамандардан дәріс алады.

«Милан» Gladius Pescara балалар академиясының жаттықтырушылары Қазақстанға алғаш рет келіп отыр. Олар елімізде футболдың жағдайын білгісі келеді. Мұндағы жаттықтырушылардың бірі – скаут. Олар балалардың шеберлігін байқап көреді. Бүгін үш баланы таңдап алып, Италиядағы футбол мектебіне шақырады», – дейді шараны ұйымдастырушы Алина Дамекова.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл курс ата-аналардың қалтасына ауыр жүк түсірмейді. Яғни, 3 күндік курсқа 27 мың теңге төлесеңіз, италиялық мамандар балаңызды футболдың қыр-сырына үйретеді.

«Басқа клубтармен салыстырсақ бұл үлкен ақша емес. Футбол базасын бізге «Барыс» спорт клубы тегін беріп отыр. Сондықтан оқудың бағасы арзан. Біз курстың балаларға қолжетімді болуы үшін жаттықтырушылармен келістік», – дейді олар.

Алина Демекованың үлкен ұлы осы спортпен шұғылданғалы, күн өткен сайын қызығушылығы артып келеді.

«Мен – футболды жан дүниесімен сүйген ұлдың анасымын. Осыдан бірнеше жыл бұрын ұлым интернеттен «Милан» балалар лагері туралы білді. Содан кейін мен оған 670 евроны өз күшіңмен жинап, екінші сыныпты жақсы бағаға бітірсең барасың дедім. Сенесіздер ме? Бір жылдан кейін ол маған өз күшімен жинаған 670 евросын көрсетті. Дәл екеуміз келіскен сома. Содан кейін біз «Милан» футбол клубының лагеріне оқуға келдік. Біраз уақыт өткен соң «Милан» Gladius Pescara жаттықтырушыларымен жақсы араласып кеттік. Осылайша, осы жобаны қолға алдық», – дейді ол.

Алдағы жылы жаттықтырушылар талантты қазақ балаларын Италияға шақыруды жоспарлап отыр. Ал Италиялық футболшылар Қазақстанға келуге мүмкіндік алады. Осылайша, қос тарап тәжірибе алмаспақ.

«Қазақстанда филиал ашу жоспарымызда бар. Қазір оқу-жаттығуды өткізіп жатырмыз. Бірақ, алдағы жылы қазақстандық талантты футболшыларды Италияға шақыруды жоспарлап отырмыз. Ал Италияның футболшылары Қазақстанға келе алады. Яғни, екі тарап тәжірибе алмасуға мүмкіндік алады. Бұл – оларға кәсіби футболшы болуға өз септігін тигізеді», – дейді «Милан» ASD Gladius Pescara балалар академиясының президенті Анджело Николо.

Сонымен қатар, президент балалардың футболға деген бейімін ерте бастан анықтау маңызды екенін атап өтті.

«Скаутинг – өте маңызды. Яғни, жастайынан үміт күттіретін жас футболшыларды ертеден анықтау керек. Сондықтан біз жаттығудың бірінші күнінен бастап, болашағы бар футболшылардың тізімін жасадық. Олар жаттығу барысында өздерін көрсете білді. Бұл футболшылар болашақта кәсіби деңгейде өз өнерлерін көрсете алады деген сенімдеміз. Біз өзімізге берілген уақыт аралығында өз білгенімізді балаларға үйретеміз», – дейді шетелдік маман.

Жіберіп алмаңыз:

Қытайлық инвестор “Милан” футбол клубын 600 млн евроға сатып алуға ниетті

“Мидлсбро” командасының футболшысы суретке түсу кезінде ыңғайсыз жағдайға тап болды

Бетперде киген адам футбол матчы кезінде қақпашыны буындырып өлтірмек болды (видео)

 

Талқылау