Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атақты кикбоксер Азамат Нұрпейісов қатерлі дерттен көз жұмды

Кикбоксингтен әлем чемпионатының күміс  жүлдегері Азамат Нұрпейісов Петропавлда қатерлі дерттен көз жұмды.

12584920

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтарына СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Анна Пенькова мәлімдеді.

“Бүгін атақты спортшы, кибоксингтен Азия және әлем чемпионатының күміс жүлдегері, жерлесіміз Азамат Нұрпейісов көз жұмды. Бір жыл бұрын жас спортшының ауыр дертпен ауыратыны айтылған. Оның қатерлі дертпен күресуіне мыңдаған адам ат салысып, Корей елінде емделуіне қаражат жинаған болатын. Алайда, спортшымыз бұл дерттен жазылмады. Спортта жеңіске жетіп жүрген ол ауыр дертті жеңе алмады. Біз Азаматты, оның спорттағы жетістіктерін ұмытпаймыз”, – дейді Пенькова.

Азамат Нұрпейісов оқушы күнінен кикбоксингпен айналысқан. Ол Ирландияда өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері, Италияда мен Түркияда өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия мен Үндістан чемпионы. Сонымен қатар Азамат әскери институтта оқып, ҚР ІІМ ішкі әскерінің офицері болды.

Талқылау