Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атақты футболшы алты жылға сотталды

Британия соты белгілі футболшы Адам Джонсонға алты жылға темір торға тоғытты. Бұған дейін футболшыға 15 жасар қызбен жыныстық қатынасқа түсті деп айып тағылған болатын.

1376066-29517726-2560-1440

Сурет eurosport.ru

Бұл туралы sport-express.ru сайты хабарлайды.

“Бұл – бізге белгіленген мерзім, бұл – толық біздің кінәміз. Біз өзімізден лайықты мінез-құлықты күтетін жас жанкүйерлердің сенімдеріне селкеу түсіріп жүрміз», – деді судья осы үкімді оқып бергеннен кейін.

Судья Джонатан Роуз «Сандерленд» клубының бұрынғы футболшысына қатысты үкімді 24 наурыз күні шығарды. Сот оны жасы кәмілетке толмаған қызбен қарым-қатынаста екі рет сексуалды белсенділік танытқан деп айыптады.

Еске сала кетейік, 28 жастағы Джонсон мектеп оқушысын азғырып, бүлдіргенін ішінара мойындады. Ол сотта қызбен интернет арқылы танысқанын, онымен бар болғаны бір рет сүйіскенін айтты.

Талқылау