Атақты әзербайжандық веложиһанкезді Қазақстанда қасқыр жеп қоя жаздаған

Жексенбі, 29 Мамыр , 2016 15:16

Атақты әзербайжандық веложиһангез Рамиль Зиядовты Қазақстанда қасқыр жеп қоя жаздаған. Бұл туралы ол украиналық жаңалықтар порталына берген сұхбатында әңгімелеген.

53b56e19cd030

Сурет: allfun.md 

Айта кетерлігі, Рамиль Зиядов бүкіл Еуразияны велосипедпен шарлап шыққан жиһангез. Осы сапарында ол үш рет өлім аузынан қалыпты. 38 жастағы Рамиль «дала самалы» аталатын велосипедімен үш жыл бойы Еуропа мен Азияны аралап шыққан. Өзбекстан, Қазақстан, Новосібір мен Тольяттиді басып өтіп, сосын Мурманскідегі Поляр шеңберіне дейін жеткен.

Осындай әлемдік сапарларында веложиһангез үш рет өлім аузынан қалғанын әңгімелейді.  Біріншісі ағып жатқан лас өзеннің суынан ішіп, ішек таяқшасын жұқтырған екен. Соның салдарынан үш күн бойы орманда адасып, шыға алмай жүрген. Екінші жағдай – Альпі шыңдарын бағындыру барысында қар көшкініне тап болған. Тау шыңында қамалған ол, ақырында жол тауып мақсатына қол жеткізген. Ал Қазақстандағы жазық далалардың бірінде ол бір топ қасқырдан әрең қашып құтылған екен. «Тіпті сол қасқырлардың бірімен жекпе-жектегі секілді көзбен атысуға да тура келді», деп әңгімелейді Раммиль.

Еске салайық, Рамиль Зиядов 2013 жылы әлемнің бес мемлекеті бойынша велотур жасады, алты ай ішінде ол Әзербайжан жалауын желбіретіп Ресейді, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан  мен Қытайды велосипедпен аралап шықты. Ал 2015 жылы Рамиль «Әзербайжан даңқы үшін» атты әлемдік турнені жүзеге асырды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар