Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атадан балаға: Алматыда әулетімен дәрігерлікті серік еткен отбасы тұрады

Алматыда әулетімен дәрігерлікті серік еткен отбасы тұрады Қазақстаннның «Алтын скальпелі» атағының иегері Абайдулла Жапаровтың жолын ұлы Сухраб жалғастыруда. Екеуінің жұмыс өтілін қосса, алпыс жылдан асады, деп хабарлайды KTK.

Атадан балаға: Алматыда әулетімен дәрігерлікті серік еткен отбасы тұрады

Абайдулла Жапаровтың демалысты ұмытқанына қырық жылдан асқан. Дәрігер-ординатор күніне бірнеше ота жасайды. Өзі нөмірі 5- қалалық клиникалық аурухананың жақ-бет хирургиясы бөлімінің меңгерушісі. Оның жұмыс күні науқастарды қараудан басталады.

Саналы өмірін адам емдеуге арнаған маманның бүгінде жеткен жетістігі аз емес. Қазақстанның “Алтын скальпелі” 50-ге тарта ғылыми жұмыстар жазған. Еңбегі үшін көптеген медальдар да төсіне тағылды.

“Осы мамандықты таңдағаныма өкінбеймін. Бала күнімде сәулетші болғым келген. Бірақ тағдырдың өзі мені осы жолға әкелді. Адамда бейім, ықылыс болмаса, дәрігерлікті сүймесе одан жақсы маман шықпайды”, – дейді Алматы қалалық №5 клиникалық ауруханасы жақ-бет хирургия бөлімінің меңгерушісі Абайдулла Жапаров.

Абайдулла Жапаровтың жұбайы да стамотолог. Олардың осы мамандыққа деген махаббаты тұңғыштарына беріліпті. Ұлдары Сухраб та әке жолын қуып медициналық университетке түскен.

“Әкем де дәрігер, анам да дәрігер. Айналамдағылардың басым бөлігі – дәрігерлер. Үнемі еститін әңгімем медицина, науқастар жөнінде. Сондықтан басқа мамандық туралы ойламаппын да”, – дейді хирург Сухраб Жапаров.

Әкесі мен ұлына күніне көптеген адамдар беттегі ісік, жақ сүйек мәселесі, туа біткен ақаулықпен келеді. Бет әлпетін өзгерту үшін де осы мамандық иелеріне жүгінеді. Адамдарға жақсылық жасауды жанымыз сүйеді деген Жапаровтардың әулетінде тағы бір болашақ дәрігер өсіп келеді.

“Маған атам мен әжемнің, әкемнің жұмысы ұнайды. Олар адамдарды емдейді. Тиісінше оларға көп алғыс айтып жатады. Өзім де жақсы дәрігер болғым келеді”, – дейді А.Жапаровтың немересі Исида Жапарова.

Әр жыл сайын бұл әулет өздерінің кәсіби мерекесін отбасымен бірге өткізеді. Биыл да солай. Абайдулла Жапаровтың ұрпағы мен кәсібін жалғаушыларға әлі айтары көп.

Талқылау