Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ата-анасы: Жазира ауыр атлетикамен үй ауласындағы темірлерді көтеріп айналыса бастады

Рио Олимпиадасында Қазақстанға «күміс» жүлдені алып берген Жазира Жаппарқұлдың әкесі Әбдрахман Жаппарқұлұлы мен анасы ата-анасы Күләйхан Құдайқұлова бүгінде жарыс жолындағы спортшыларға сәттілік тіледі.

жазира

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Жазираның жеңісі жұғысты болсын! Барша ел қуанып жатыр, «халықтың қызы» ғой. Қазір Арыстағы үйімізге барша туған-туысқандар, көрші-қолаң, қала жұртшылығы келіп құттықтап жатыр. Дәл қазіргі міндетіміз құттықтаумен келген қонақтарды қарсы алу болып тұр. Жазираның жарысы аяқталғаннан кейін үйге телефон шалып, алдымен біздің көңіл-күйімізді сұрады. Әрине, мен өз кезегімде қуанышымызда шек жоқ екенін айтып, қызымды құттықтадым. Баршамыздың арманымыз «алтын» медаль болды ғой, дегенмен бүгін «күміс» алса, алдағы Жапониядағы Олимпиадада «алтын» да болады деп үміттенеміз. Қызымды асыға күтіп отырмыз, Отанына аман-есен оралсын деген тілегімізді айтып», – дейді Жаппарқұлұлы.

Сонымен қатар, Құдайқұлов биылғы Рио Олимпиадасында жеңіске қол жеткізе алмаған спортшыларды мойымауға шақырып, алдағы жарыстардан олар биік орындарын көрінсін деген тілегін айтты.

Өз кезегінде Жазираның анасы Күләйхан Құдайқұлова қызы ауыр атлетикамен айналысуды үйдің ауласында бастағанын атап өтті. «Темір-терсектің барлығы үйдің ауласында жататын. Күннің ыстығына темір қызғанымен, қызым қолынан тастамайтын. Оның ауыр атлетикамен айналысуына қарсылық білдіргенімізбен, Жазира спортты тастамады», – деп еске алды Құдайқұлова.

Жазираның Олимпиада медалі үшін күрескен түні барша Арыс тұрғындарымен бірге қаланың бас алаңында құрылған үлкен монитордан қайсар қыздың өнерін алғашқы жаттықтырушысы Дүйсебек Құрманов та тамашалаған көрінеді.

«Қуанышымды суреттеп айта алмай тұрмын. Бұндай сезім 4 жылда бір рет қана болады. Жазира үшін айрықша мақтаныш сезімі ұялап отыр. Оның ауыр атлетикадан алғашқы қадамдарды қалай жасағаны әлі де есімде. Өзінің қажырлы еңбегінің арқасында Жазира Олимпиада медалін алу мақсаты орындалатынын дәлелдеді деп білемін», – деді бапкер.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Жазира Жаппарқұл қазақ қыздарынан тұңғыш Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды. Бүгін Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында ауыр атлетикадан қоссайыстың қорытындысы бойынша 259 келіні бағындырды.

Жіберіп алмаңыз:

Жазираның жеңісіне бапкерінің көңілі толмады

Жазира Жаппарқұлға өлең арналды

Жазира Жаппарқұл: Қазақ осы күнді армандағалы қашан?

Жазира Жаппарқұл қазақ қыздарынан тұңғыш Олимпиаданың күм

Талқылау