Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ата-анасы жамандықтан аластау үшін 6 жастағы ағасы мен қарындасын үйлендірді

Таиланда жамандықтан құтылу үшін 6 жастағы ағасы мен қарындасын үйлендірді. Жергілікті тұрғындардың сенімінде ұл мен қыз болып өмірге келген егіздер бұрынғы өмірде қосыла алмай кеткен ғашықтар деген түсінік бар. 

Таиланда 6 жастағы қыз бен бала осылайша күйеуі мен әйелі болып шықты. Оларды көше парадымен салтанатты түрде некелестірді. Қалыңдықтың өтеуін беріп, дәстүрлі түрде алып шықты.

Алайда неке заңды түрде ағасы мен қарындасы ретінде жазылмаған. Ерлі зайыпты ретінде де тіркеуде емес. Ата-аналарының айтуынша, олар өскенде өз теңін табатын болады.

 

Тайлық ежелгі сенім бойынша, екі жынысты егіздер өткен өмірде қосыла алмай еткен ғашықтар. Сондықтан бұл өмірде олары осы қиындықтан құтқару керек деп сенеді.

“Біз той жасап, олардың қайсысы өткен өмірде болғанын білуіміз керек. Егер үйлендірсек, олардың денсаулығы зор әрі бақытты болады”, – дейді балалардың әкесі Аморнсан Санторн Малират.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау