Ата-анасы Серік Ибрагимовтің үйленетінін теледидардан естіген

Дүйсенбі, 24 Қазан , 2016 11:22

Жуырда Серік Ибрагимов қолына бақ құсын қондырып, шаңырақ көтерді. Сыр елінде дүркіретіп той тойлаған әнші үйленетінін ата-анасына алдын ала ескертпепті. Қалдан және Жарылқасын Ибрагимовтер кенже ұлдарына ренжулі.

serik ainamkoz

Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтылды.

Серікке жарық дүниені көрсетіп, бағып-қаққан ата-анасы ұлдарының келін алып келетінін теледидардан көргендерін айтты.

«Үйленем деп айтып жүретін. Бірақ нақты емес. Теледидардан сүйіктісіне сөз салғанда білдік. Инстаграмнан балалар көріпті», – дейді ренжулі ата-ана.

Қалдан апа мен Жарыласын ата бес қыз бен екі ұлды тәрбиелеп өсірген. Серік – үйдің сүт кенжесі. Қазақта ата-анасы кенже ұлдарының қолында қалған. Тек бұл жағдайда емес. Гастролдетіп, ауыл-аймақты аралайтын әнші ауылда тұра алмайды. Сол себепті Айнамкөз қайын ененің жанында келіндік міндетін небәрі бір ай атқармақ.

«Сырдың дәстүрімен келін бір айға мамасының қолында қалады. Кенже ұлдарының жұмыстары бүкіл Қазақстанда болғандықтан, Алматыда тұратын болады. Үйде әке-шешесі жалғыз емес, үлкен ұлдары, келіні, немерелері бар», – дейді Серіктің продюсері Алтынбек Рахметов.

Ал алғашқыда ұлдарына ренжіген ата-ана бүгінде екі жасқа тек бақыт тілеумен отыр. Аз ғана уақыттың ішінде Айнамкөз келін ата-енісінің көңілінен шыққан ұқсайды.

«Келіннің шайын ішіп үлгерген жоқпыз. Құдалық, той болып жатыр. Бірақ көңілімізден шығады, инабатты, ибалы келініміз», – дейді Серіктің ата-анасы.

Жіберіп алмаңыз: 

Қайрат Нұртас қазақстандық “Голос” жобасына үміткер ретінде қатысты (видео)

Қазақстандық жұлдыздар ұрық доноры болудан бас тартты

Пәкістанның көк көзді шай сатушысы Instagram жұлдызына айналды

Актер Аманғали Сыпабеков бойдақтық өмірмен қош айтыспақ

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
05.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар