Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ата-анасы мұнарадан секіріп кеткен ақтөбелік оқушыны апасы асырап алатын болды

Ақтөбе қаласы Қурайлы ауылында тұратын 7 жастағы Кристина Шустер кеше ата-анасынан айырылды. Енді оны апасы Алена Шустер бауырына баспақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Image00060

Ақтөбе қаласы Қурайлы ауылында тұрған Кристика Шустер кеше ауруханаға түсіп, оны өгей шешесі Әсел Дүйсенбаеваның оны ұрып-соққаны белгілі болды. Көз жанары қанталап, миы шайқалған оқушы үйіне қайта оралғысы келмейтінін, шкаф ішіне тығылып, аш отырғанын да айтқан болатын.  Сол күні кешке Владимир Шустер мен Әсел Дүйсенбаева ауыл шетіндегі биік мұнараға шығып, секіріп кеткен. Оқиға орнына жеткен полиция, жергілікті әкімдік, психологтар мен туған-туыстары оларды екі сағат бойы көндіре алмаған. Келіссөз нәтижесіз аяқталып, Шустер мен жүкті Дүйсенбаева оқиға орнында қаза болды.

Қазіргі кезде қалалық білім бөлімінің қорғаншылық секторы зәбір көрген оқушымен сөйлесіп, оған апасы Алена Шустер қамқор болатынын айтқан. Оқушы бұл шешіммен келісіп отыр.

«Апасы Алена Шустер баланы асырап алу ұсынысымен шықты. Оның баланы бағып, тәрбиелеуге бар жағдайы келеді. Шустер тұрмыста, екі баласы бар. Қазір құжаттарын түгелдеп, жинап жатыр. Кристина Шустерге апасы туралы атқан кезде, ол қарсы болмады. Қазір бала ауруханада. Шыққан соң бір ай кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында болады. Кейін бала апасымен бірге тұруы мүмкін», – деді қалалық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Ағырыс Шагирова.

Тағы да оқыңыз:

Жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен ЭКСПО күзет басшысының әйелі үндеу жолдады (видео)

Қазақстанда өз пәнінен тест тапсырған мектеп мұғалімдерінің 70%-ы төмен балл жинаған

ОҚО тұрғыны немересіне АҚШ президенті Дональдтың есімін қойған

Баспанасын бұзуға келіспеген Астана тұрғынының үйі мен пәтері бар болып шықты

Талқылау