Ата-анасы қатерлі дертпен ауыратын қызының соңғы туған күнін дүркіретіп атап өтті (фото)

Сәрсенбі, 10 Тамыз , 2016 15:37

Америка тұрғыны Райана мен Хайдидің қызы Лила 3 жылдан бері қатерлі дертпен күресіп келеді. Дәрігерлер 5 жастағы қыздың өмірі ұзаққа бармайтынын ескерткен.

LilaMay00

Сондықтан ата-анасы қызының туған күнін ерекше етіп атап өтуге бел байлады.

LilaMay01

Дәрігерлер қыздың ағзасы әбден әлсірегенін, оның бұдан былау ауыр дертпен күресуге шамасы келмейтінін айтқан.

LilaMay02

Қызының туған күнін ерекше етіп жасау үшін ата-анасы Facebook желісінде бірлестік құрып, онда қызының ауыр тағдыры жайлы жазған.

LilaMay03

Оларға жергілікті бизнесмендер мен еріктілер, қарапайым халық көмектескен. 31 шілде күні мерекелік туған күн аталып өтті.

LilaMay04

Науқас қыздың ешқашан мектеп бітіру кеші мен үйлену тойы өтпейтін болғандықтан бұл мерекеде соның бәрі біріктірілді.

LilaMay05

Барлық шығын Американың әр аймағынан келген қаражатпен өтелді.

LilaMay06

Мерекелік кеште ертегі кейіпкерлері болды

LilaMay08

Әкесі қызын биге шақырып, екеуі той биін биледі.

LilaMay10

«Біз мұндай мерекелік кешті өзіміз жасай алмас едік. Бізге көмектескен барша жанға алғысымызды айтамыз. Мұның бәрі қызымыздың қуанышы үшін жасалды», – дейді Райан.

Жіберіп алмаңыз:

Сұлулық байқауының жеңімпазы қатерлі дертпен ауырамын деп жалған айтып ақша жинаған

Дәрігерлер алкогольді ішімдіктің қатерлі дертке шалдықтыратынын анықтады

Қатерлі ісікті емдеудің жедел түрі табылды

Ғалымдар ыстық шай мен кофеден  рак ауруы  пайда болатынын дәлелдеді

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Анонимно says:

    өкініштіііі жүрегім ауырып кетті оқып отырып(((((балаларымыз аман болсыншы ешқашан ауырмасын

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар