Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ата-анасы қара нәсілді жігітке қарсы шықты, ал қыздары 14 мың доллар жинады

Қара нәсілді жігітпен кездесіп жүргені үшін АҚШ-тың Теннесси штатында тұратын бойжеткен Алли Доудлдың басына қара бұлт үйірілді. Себебі ата-анасы оған қаржылай көмек көрсетуден бас тартты. Енді 18 жастағы бойжеткен колледждегі оқу ақысын төлей алмай қиналуда. Осы себепті Алли GoFundMe желісінде тіркеліп, желі қолданушыларынан көмек сұрады.

3C16D77300000578-0-image-m-17_1484273694272

Өз парақшасында Алли сүйіктісі Майклмен бір жылдан бері кездесіп жүргенін, алайда оның бұл махаббатына ата-анасының түбегейлі қарсы екендерін жазған.

«Ата-анама оның суретін көрсеткенім сол еді, әңгімеміз басталмай жатып аяқталды. Әкем маған таңдау еркін бермеді. Екінші рет Майклпен кездеспеуімді талап етті. Неге дейсіздер ме? Тек оның терісінің түсі қара болғандықтан», – деп бастайды әңгімесін Алли.

«Тек терінің түсіне бола бір адам екінші адамнан төмен тұра ма? Осыны түсіне алмадым. Ешқашан түсінбейтін де шығармын», – деп жалғады сөзін Алли.

Ата-анасының қарсылығына қарамастан, Алли сүйктісімен кездесуді жалғастырған. Алайда осыдан бір ай уақыт бұрын жастар ата-аналарымен қайта сөйлесіп көрмек болған.

«Тек бұл жолы олар түбегейлі қарсылық танытты, мұндайды күткен жоқпын», – дейді Алли.

Бұл жолы ата-анасы қыздарын қаржылық тұрғыдан қамтамасыз етуден бас тартқан. Ал жеке-меншік оқу орнында оқитын Алли оқу ақысын төлей алмай отыр.

«Менен барлық затты алып қойды. Оның ішінде жинаған ақшам да, автокөлігім де, телефоным да бар. Одан бөлек колледждің оқу ақысын төлемейтіндерін айтып, мені жалғыз қалдырды», – дейді көңіліне кірбің түскен бойжеткен.

Оқу үлгерімі 4.0 GPA-ді көрсетіп тұрған Аллидің колледжге төлейтін ақшасы жоқ.

«Материалдық жәрдемақы ретінде аздаған шәкіртақыға ие болдым, бірақ маған 1-мамырға дейін жоқ дегенде 10,000 доллар қаржы жинау қажет», – дейді Алли.

Доудл өзінің GoFundMe желісіндегі парақшасын 11 қаңтар күні ашқан. Сол уақыттан бері ол 14583 доллар қаржы тапқан. Бұл көрсеткіш оның оқырмандар санынан (10 мың) асып түседі.

Десе де кейбір желі қолданушылары қара нәсілді жігітпен кездесіп жүрген бойжеткенге ақша беруден бас тартқан.

«Осының бәрі мен терінің түсі өзгеше адамды жақсы көргенім үшін болып отыр. Неге мен осы үшін өзгелерден кем болуым керек?» – дейді бойжеткен.

Жіберіп алмаңыз:

Нағыз еркек ешқашан жасамайтын 8 іс

Салмағы 430 келі жігіт тарихтағы ең күшті адам болғысы келеді

Ер адам табыттың қақпағын ысырып өзінің жерлеу рәсімінде оянып кетті

Ер адамды сақтанбай жыныстық қатынаспен айналысқаны үшін соттады

Талқылау