Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ата-анасы дәрігерлерді тыңдамай “біріккен” егізін аман қалдырғандарына қуанып жүр

Дәрігерлер үндістандық ананың ішінде денелері бөлінбеген егіздің барын біліп, алдын ала түсік тастауға кеңес берген. Алайда олардың анасы бұл ұсыныстан бас тартыпты. Бүгінде ол егізінің бақытты өмір сүріп жатқанын қуана көрсетіп жатыр.

3FA77EFA00000578-4450834-They_were_born_by_c_section_after_the_family_moved_1_400_miles_n-a-6_1493363146641

Бұл туралы The Daily Mail хабарлайды.

22 жастағы Челси Торреса биыл егіз баланы дүниеге әкелді. Күйеуі Ник екеуі егіздерінің тірі қалмауы мүмкін екендерін жүктіліктің үш айлығында білген екен. Қыздардың аяғы мен жамбас сүйектері біріккен. Бүгінде оларға арнайы киімдер тігіледі. Челси мен Ник жұрттың қыздарына қорқып қарайтындарын жасырмайды.

Дәрігерлер егіздердің жүктіліктің 11-аптасында шетінеп кетулері мүмкін екенін айтқан. Алайда егіздердің әрқайсысы 2 кг салмақпен аман-есен туған. Хирург мамандар қыздардың денсаулығының өте жақсы екенін айтып жатыр. Мэриленд университетінің мәліметтеріне сәйкес, мұндай егіздердің үштен бір бөлігі бір күн ғана өмір сүреді екен. 40-60℅ жағдайда өлі күйінде туады. Ал Калли мен Картер денсаулықтары сау 5℅ егіздердің қатарын толықтырып отыр.

3FA77ED600000578-4450834-Nick_Torres_22_and_his_wife_Chelsea_also_22_pictured_with_their_-a-4_1493363146595

«Жүктілік кезінде қыздарым үшін қатты уайымдадым. Босанған кезде қатты қиналдым», – дейді Торрес ханым.

3FA77F0600000578-4450834-Their_parents_have_adjusted_to_the_challenge_ordering_a_custom_m-a-2_1493363146509

Ішкі ағзалары да ортақ мұндай егіздер 200 000 мыңның ішінде бір рет қана кездеседі екен. Олардың 35℅-ы ғана тірі қалады. Мұнымен қатар, ұлдарға қарағанда қыздардың өмір сүру деңгейі жоғары болады екен.

3FA77F7D00000578-4450834-Ms_Torres_said_some_people_stare_at_the_twins_but_people_in_thei-a-5_1493363146641

16 жылдан бері ажырамай келе жатқан Люпита және Кармен Андрэйд есімді егіздер бар. Олар бүгінде өздерінің бақытты екендерін айтып жатыр. Нью-Милфорд өлкесінде дүниеге келген қыздарға аяқ, қабырғалар, қан айналым жүйесі және асқазан ортақ. Хирург мамандар омыртқаның ортақтығының салдарынан оларға ота жасай алмаған екен. Ал 1811 жылы Таиландта туған егіздер бүкіл әлемді аралап шыққан болатын.

3FA77F1600000578-4450834-Conjoined_twins_Callie_and_Carter_Torres_are_healthy_and_not_in_-a-1_1493363146508

«Мен Калли мен Картерді өмір сүру мүмкіндігінен айырмағаныма қуаныштымын. Олар – ерекше жандар. Олардың тірі қалатындарына сенімді болдым. Күйеуім де толқып жүр. Дәрігерлердің айтуынша, егіздердің денсаулығы өте жақсы. Сол себепті, олардың дене мүшесін бөлетін отаны жасаудың қажеті жоқ. Оларға арнайы киім тіктіріп, автокресло да жасаттық. Туған қаламызда бізді барлығы қорғап отыр», – дейді Торрес ханым.


Жіберіп алмаңыз:

Британиялық әйел бір мекемеде 70 жыл бойы жұмыс істеп келе жатыр

82 жастағы Жапония азаматы түнгі клубта диджей болып жұмыс істейді

Әзілкеш жігіт әлеуметтік желіде ғана “әдемі” болатын қыздарға ән арнады (видео)

Пойызда билеген жолсерік жігіттің биі қыздарды ғашық етті (видео)

Талқылау