Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асылып өлемін деп жігітін қорқытпақ болған қыз абайсызда қайтыс болды

Ұлыбританиядан келген турист қыз Таиландтағы қонақүй нөмірінде абайсызда асылып қайтыс болды.

Асылып өлемін деп жігітін қорқытпақ болған қыз абайсызда қайтыс болды

Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.

26 жастағы Эбигейл Роулэнд адамдармен араласқыш, көңілді қыз болған. Бірақ, сол күні кешке жігіті Джеймс Бруммен ұрысып қалғаннан кейін ол өз нөміріне өте ашулы оралыпты.

30 жастағы Джейм сүйіктісін жұбату үшін оның бөлмесіне үш сағаттан кейін келеді. Бірақ, ол кезде бәрі кеш болатын.

“Джеймс аралас жекпе-жек спортымен айналысса да, Эбигейлге үнемі жұмсақ қарым-қатынаста еді. Олар үйленуге дайындалып та жүрген”, – дейді қыздың анасы.

Асылып өлемін деп жігітін қорқытпақ болған қыз абайсызда қайтыс болды

Сондай-ақ, ол қызының Таиландқа жігіті үшін барғанын және өзін өте бақытты сезінгенін де айтты. Қыздың бойында қандай да бір психологиялық ауытқу болмаған. Сол себепті полиция да бұл оқиғаны бақытсыз жағдай деп қана бағалапты.

 

Талқылау