Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асылып қалған балаға өгей әкесі жәбір көрсеткен деп күдіктелуде

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғыны асылып қалған жеті жасар балаға жәбір көрсетті деп күдіктелуде.

v-uralske-muzhchina-podozrevaetsya-v-nasilii

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

Ерасыл Қабыланбек 25 қаңтарда ағашқа асылған күйі табылған еді. БАҚ-тар сарапшыларға сілтеме жасай отырып, баланы соққы көріп, зорланғанын хабарлаған болатын. Полиция “Кісі өлтіру” және “Сексуалдық мәндегі зорлық әрекеттер” баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

“Тергеу барысында балаларды азаптау дерегі анықталды. Өгей әке баланы және оның қарындасын ұзақ уақыттан бері азаптап келген. Осыған байланысты 1980 жылғы ер адамға қатысты “Азаптау” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды”, — делінген хабарламада.

27 қаңтарда күдікті аудандық соттың шешімімен қамауға алынды және уақытша ұстау изоляторына екі айға қамауға алынды. Барлық қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр, оқиғаның мән-жайы тергеу мүддесіне байланысты айтылмайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін 2-сынып оқушысының ағашқа асылып қалған жерінен табылғаны жайлы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау