Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асылхан Төлепов жаңа фильмге түсіп жатыр

Асылхан Төлепов «Шыңырау» атты фильмге түсіп жатыр. Ол Әбіш Кекілбаевтың шығармысының желісі бойынша таспалануда.

асылхан толепов 300517

Асылхан кинокартинаның не жайында екенін Гәкку арнасына айтып берді, деп жазады Stan.kz.

«Еңсеп деген құдықшы туралы болады. Оқиға 1920 жылда өрбиді, яғни тарихи фильмге жатады», – дейді Асылхан.

«Қазақфильм» киностудиясы мен режиссер Жәнібек Жетіруов бірігіп таспалап жатқан фильмде басты рөлді Асылхан Төлепов сомдайды.

«Осы фильмде Еңсептің ұлы Жомарттың рөлін сомдаймын. Фильм кітап желісі бойынша түсіріледі және көркемдік жағы да болады», – дейді Асылхан.

Түсірілім әлі жалғасып жатыр екен.

«Ауа-райымен қиын болып жатыр. Каспийдің жағасында түсіру оңай емес. Түске дейін күн бұлттанып тұрса, түстен кейін ашылып кетеді. Бұлттанса, жаңбыр жауады. Сонымен ауа-райы қолайсыз болып, кішкене сол кедергі болып жатыр», – деп бөлісті актер.

Еңсептің ұлын ойнайтын Асылхан қалпақтың қызына ғашық болып, әкесінің мазасын әбден қашырады.

«Фильмдегі менің ойыным – махаббат сахнасы. Яғни, кейіпкерім қалпақтың қызына ғашық болады. Әкесі қарсы, бірақ соған қарамай, сол қыздың артына барып, ғашық болып, «соны алмай қоймаймын» деп әкесіне қаршы шығатын жерлері болады», – деп түсіндірді Төлепов.

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртастың ұл-қыздарының есімдері белгілі болды

“BN” тобынан кететінін айтқан Болат Назарбаевтың қызын әріптестері ұрысып тастады (фото, видео)

Қайрат Нұртас Нюшамен ара-қатынасы жайында бар шындықты айтты

Тырнағына маникюр жасататын әнші жігіттер кімдер?

Талқылау