Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асылхан Төлепов тойына келмеген Төреғалиге өлең арнап, жұртты күлдірді

Асылхан Төлепов группалас досы Төреғали Төреәліге өлең арнады. Актер өзінің үйлену тойына келмеген досына деген ренішін жыр жолдары арқылы жеткізді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Асылхан Төлепов тойына келмеген Төреғалиге өлең арнап, жұртты күлдірді

Төреғали группаласының тойына қатыса алмағанымен, оның ағасының қуанышына ортақтасқан.

“Шашын гельдеп, сақалын мұртын қырып,
Тойға келді Төрештей сылқым жігіт.
Артур мен Мадинаға тілек айтып
Қонақтарды билетті жұлқындырып.
Ал менің свадьбама келмей қалды
Ішім ренжіп жүр еді сыртым күліп,
Кішкентайдан бірге өскен дос болғасын
За косяк алғансың ғо қылқындырып”, – дейді Төлепов.

Желі қолданушылары әзіл өлеңнің күлкілі шыққанын және Асылханды тағы бір қырынан танығандарын айтып жатыр. Олардың арасында Төлеповке дәл сондай өлең шумақтары арқылы жауап бергендер де бар.

“Жаратылған простой емес асылдан,

Актер емес, ақын екен Асылхан.

Келінмен бірге шай ішуге шакырсаң,

Кырыңды тағы көрер ма едік жасырған!” – дейді Баджо Гоха есімді желі қолданушысы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау