Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асылхан Төлепов пен Тәуекел Мүслім “Медеуді” қоқыстан тазалады

“Медеу” өңірлік табиғи паркінде сенбілік шарасы өтіп, оған 500-ден аса адам қатысты.

d6f0b48ff50e5af5bd2841de733a3463

Бұл туралы tengrinews.kz хабарлайды.

Сенбілік барысында 1000 түп үйеңкі мен ақшаған отырғызылды. Тазалық акциясына “Медеу” паркінің қызметкерлері, сонымен қатар Қазақстан шоу-бизнесінің жұлдыздары қатысты. Олардың арасында Алматы қалалық мәслихатының депутаты Асылхан Төлепов, тележүргізуші Тәуекел Мүслім және Аян Өтепберген бар.

Сонымен қатар, сенбілікке қатысушылар “Медеу” паркінің территориясын, Кіші Алматы өзенінің арнасын қоқыстан тазалады. Осы аумақтан 60 текше метр тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылды.

Талқылау