Асылхан Төлепов Қырғызстанда үздік актер атанды

Асылхан Төлепов Қырғызстанда үздік актер атанды. Киножұлдыз “Время стойких. Көк-бөрү” фильміндегі рөлі үшін марапатталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Асылхан Төлепов

“Сүйінші, ағайын! Жаңа ғана қырғыз елінде “Время стойкиx. Көк-бөрү” фильмінде басты рөлді сомдағаным үшін “Жылдың ең үздік актері” атандым. Қолдау көрсеткен барша жандарға алғысымды айтамын. Тәуелсіз еліміздің айбынды ұланы ретінде жеңісімді қазақ еліне арнаймын”, – деп қуанышымен бөлісті Асылхан әлеуметтік желіде.

Желі қолданушылары актерді кезекті жетістігімен жарыса құттықтауда.
Айта кетейік, аталған картинада Асылханмен бірге басты рөлді қазақстандық актриса Гүлназ Жоланова сомдаған.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.01.19
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар