Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асылхан Төлепов балалар үйіне көмек көрсетті (видео)

Танымал актер Асылхан Төлепов Алматы қалалық мәслихатының депутаты болып сайланғалы бері әлеуметтік маңызы бар мәселелерге белсене араласып жүр. Мәселен, жуырда ғана жас депутат Алматыдағы мектептердің бірінің күрделі жөндеуден өтуіне атсалысқан еді. Енді, міне, Төлепов қайырымдылық акциясы аясында балалар үйіне барып қайтты, деп хабарлайды Stan.kz.

асылханS_13

Бұл туралы актер желідегі парақшасында жазды.

Медеу ауданындағы «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қыстық киімдер мен тоңазытқыш сыйға тартылды. Алматы қалалық әкімдігінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылған «Мерейлі-Медеу» акциясы аясында қалалық мәслихат депутаты Асылхан Төлепов, «Ал Давай» тобының әншісі Шоқан Маратұлы мен кәсіпкер Азамат Есжанұлы ата-ананың қарауынсыз және жетім қалған балалардың жағдайын білуге барды.

«Акцияның басты мақсаты – аудандағы орналасқан арнайы балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне ұдайы түрде қамқорлық жасай отырып, көңіл бөлу», – делінген әкімдіктің ресми мәлімдемесінде.

Жіберіп алмаңыз:

Ninety One тобы сырға мен сахнада жұлқынып би билеуден бас тартты (видео)

«МұзАрт» тобы сахнаға ақ аюларды алып шықты (видео)

Аша Матайдың әкесі бажасын түрмеден шығаруға көмектесетінін айтты

Ернар Айдар: Өзге ұлтқа тұрмысқа шыққан қаракөздерді көргенде намыстанам

Талқылау