Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асылбек Боранбаев: Қазір Тамашаның кезіндегі сахна тілі жоқ

Асылбек Боранбаев бүгінгі театрлардың күйін сөз етті. Айтуынша, Қазақстанда сатираның деңгейі төмен.

IMG_6344

Бұл туралы Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасына берген сұхбатында айтты деп хабарлайды Stan.kz.

«Әзіл мен сатираның деңгейі орташа қалпында тұр. Жоғары деңгейге шықтық деп айта алмаймыз. Басқа көрші елдермен салыстыратын болсақ, қазақтың сатирасы сәл төмен. Жоғары деңгейге шығу үшін міндетті түрде авторлар мен жақсы драматург, сатириктер болуы керек. Ал бізде олардың саны тым аз. Сахнадағы мәдени, әдеби тіл жойылып барады. Баяғы Тамашаның кезіндегі сахна тілі жоқ. Қазір әр адам өз қалағанын айта беретін жағдайға жеттік», – дейді Асылбек Боранбаев.

Өнердегі әріптесінің сөздерін Қуандық Шәкіржанов мырза да қоштады. Ол адамдарға ұнатпаған нәрсесін көрмеуге кеңес беріп, орынсыз сын айтпауға шақырды.

«Ол кезде біздің қазақы жезде мен балдыз, құда бала мен құдаша, нағашы мен жиен арасындағы сезім астарлы сөздер арқылы жеткізілетін. Қоғамда барлық құбылыс жұмсақ сөздермен айтылатын. Мұнымен қатар, біздің заманымызда жемқорлық, атыс-шабыс дегендер көп болмады. 35 жастан жоғарғылар жақсы түсінеді. Ал қазіргі жастар мұндайға көп көңіл бөлмейді. Анекдоттардың көбісі көрші ағайындардан көшіріліп алынады. Жан-жақты дамып жатқандықтан, ұсақ-түйек арзан сөздер көбейіп кеткен сияқты. Сын айту оңай. Сол себепті, аздап соңын күтсек, іріктеледі. Мәдениеттен алыстап кетіп жатқан театрлар да бар. Бірақ, оларды қаламаған адам көрмей-ақ қойсын», – дейді Қуандық Шәкіржанов.


Жіберіп алмаңыз:

Сәкен Майғазиев: Алла тағаланың шексіз құдіретіне таңқаламын

Сүйіктісімен сүйісіп тұрғанын эфирден көрсеткен Айсәуле тағы да сынға ілікті

Болманов әлемде баламасы жоқ саябақ ашып жатқанын айтып мақтанды (видео)

Алмас Кішкенбаев өзін “масқаралаған” оқушының ата-анасына ескерту жасады

Талқылау