Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Асыл” тыңдармандарына Ринат Зайытовтың сөзіне жазылған ән тарту етті

“Асыл” тобы тыңдармандарына Ринат Зайытовтың сөзіне жазылған “Жауабын бер” атты әндерін тарту етті.

9224476

Фото: instagram.com/via_assyl_official/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бір ғана стильмен шектеліп, өзіндік тыңдармандарын тауып үлгерген “Асыл” тобы тыңдармандарына “Жауабын бер” атты Ринат Зайытовтың сөзіне жазылған кезекті әнін ұсынды. Аталған әннің музыкасы Данияр Шенгелбаевқа тиесілі.

Топтың жаңа әнін тыңдап көрген тыңдармандар бірауыздан оң бағасын беріп, алғыстарын білдірді.

Құрметті достар👏🏻🎉☺️ біздің жаңа әнімізді тыңдап, пікірлеріңізбен бөлісе отырырыңыздар👇🏼👇🏼👇🏼👇🏼 #ЖАУАБЫН_БЕР Сөзі: Р.Заитов Әні: Д.Шеңгелбаев #Repost @gakkutv with @repostapp. ・・・ Assyl тобынан жаңа туындыны қабыл алыңыздар – “Жауабын бер”. Бірінші болып тыңдап ғана қоймай www.gakku.kz сайтынан жүктей аласыздар 📲 📥 bio @via_assyl_official Сегодня на www.gakku.kz новинка от ВИА Assyl – новая песня “Жауабын бер”.

Видео опубликовано ВИА ASSYL 🇰🇿 (@via_assyl_official)

Құрамында Ғалия Мұратова, Ақерке Бүркітбай, Анара Аязбаева есімді бойжеткендері бар “Асыл” тобы 2008 жылы құрылған. Арулар сахнада ән айтып қана қоймай, ұлттық қобыз аспабында ойнайды. Бір ғана стильмен шектелетін музыкалық топ өздерінің “этно” бағыттың өкілдері екенін айтады.

11248184_1609472405976809_825886981_n

Бір жыл бұрын отбасылық жағдайына байланысты Ақерке Бүркітбай топтан кетіп, наурыз айының 19 жұлдызында тұңғышын дүниеге әкелді. Әнші Бүркітбайдың орнына Райхан Біржанқызы келген-ді.

Естеріңізге сала кетсек, “Асыл” тобы жүкті солисінің аяғының ұшымен тұрып жұртты таңқалдырғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау