Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Асыл” тобының жүкті солисі аяғының ұшымен тұрып жұртты таңқалдырды

Жақын күндердің бірінде “Асыл” тобының экс солисі Ғалия Мұратова өзінің инстаграмдағы парақшасында аяғының ауыр екені туралы жазған болатын. Енді міне тұңғышына жүкті болса да, аяғының ұшымен тұрып жұртты таңқалдырып жатыр.

ло

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әнші инстаграмдағы парақшасына аяғы ауыр балет бишісінің суретін салған кезде, желі қолданушылары көзге жағымсыз көрінетінін айтып, мұндай суреттерді салмауды өтінген болатын. Алайда әнші Ғалия мұндай пікірді құлаққа ілмеген секілді.

фцйы

Ол артынша пуант киіп, аяғы ауыр болса да, тік тұрып би билей алатынын дәлелдеген суреттерін жариялады.

ывкп

ждщ

Желі қолданушыларының бірі суреттердің өте әдемі екенін айтса, енді бірі мұның денсаулыққа зиян екенін тілге тиек етуде. Әнші өткен жылы Ален Самыкенов есімді жігітке тұрмысқа шығып, топтан кететіндігі туралы мәлімдеген болатын.

новый коллаж

Қазір топ құрамында Алматы қаласында Чайковский атындағы музыкалық колледждің студенті Райхан Біржанқызы өнер көрсетіп жүр.

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін Илья Ильиннің жанкүйерлеріне брейк-данс көрсетіп таңқалдырғаны туралы жазған болатынбыз.

Талқылау