Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Асыл” тобы кезекті демалыстан кейін тыңдармандарын қуантты (видео)

“Асыл” тобы тыңдармандарын жаңа бейнебаяндарымен қуантты. Бойжеткендер “Жауабын бер” атты туындыға бейнебаян түсірген екен.

15251569_590270877845230_5039973749093302272_n

Фото: іnstagram.com/via_assyl_official/

Бұл туралы Қазақстан арнасының “Таңшолпан” бағдарламасында айтылды.

“Асыл” тобы “Жауабын бер” атты туындыға түсірілген бейнебаяндарын жұрт назарына ұсынды. Аталған туындыны аз уақыт ішінде 63 мың адам көріп үлгерген-ді. Көпшілік әннің өздеріне ұнап жатқанын айтып жатыр. Ол әншілердің өздерінің де көңілдерінен шыққан екен.

“Бұл – өте әдемі ән. Ол бізді өзі іздеп тапты деп айтсақ та болады. Сөзін Ринат Зайытов, әнін Данияр Шеңгербаев деген жас композитор жазған. Соңғы пікірлерді ескерсек, көп адамның көңілінен шығып жатыр. Ән көңілімізден шыққандықтан, бейнебаян түсіруге кірісіп кеттік. Өте әдемі, әсерлі, өзіміздің көңілімізден шығатын бейнебаян осылайша жарық көрді”, – дейді Ақерке Бүркітбай.

Естеріңізде болса, 2016 жылы топқа Райхан есімді жаңа қыз келген-ді. Ол өзге топ мүшелерінің өзіне барынша қамқор болып жатқанын жеткізді.

“Бұл қыздардың қасына қосылғаным менің бағым шығар. Себебі басында қорыққанмын. Өзімнен үлкен болғандықтан, қандай қыздар екен деген ой келді. Бірақ олар керісінше маған көмектесіп, жазатын жерінде жазып беріп, өздерінің ақылдарын айтып жанымнан табылып отырды”, – дейді Райхан.


Жіберіп алмаңыз:

Ернар Айдар: Намаз оқыса да, ата-анасын сыйламайтын жастар бар

Қорғаушы: Меруерт Түсіпбаева кешірім сұрамаса, 3 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Қытайлардың Димаш туралы түсірген қалжың видеосы әлемге тарап кетті (видео)

Роза Әлқожа жылқы қағып жол апатына түскен (фото)

Талқылау