Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асыл Беделхан «Ninety One» тобын сынды көтере білуге шақырды

“Орда” тобының солисі әрі продюсер Ерболат Беделханға жары Асыл Беделхан қолдау көрсетіп, «Ninety One» тобын қорғады.

CwHvU4VkP4wii976AR741nEru093Yp

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Ninety One» тобы тек Қазақстанда емес, шетелде танылып, аз уақыт ішінде өзіндік тыңдармандарын тауып үлгерді. Десе де, топқа тағылар мін мен айтылар сын бітер емес. Жасы үлкен ағалар киіну үлгісі мен жігіттердің шаш түсін өзгертіп, боянуын сынап жатыр.  Асыл Беделханның топты қорғауына да, осы нәрселер себеп болған сияқты.

Асыл Беделхан өзінің инстаграмдағы парақшасына балет бишісінің суретін салып, астына пікірін жазды. “Бұл картина сіздердің өзгеге тиесілі жетістікті көре алмаған сәттеріңізді бейнелейді. Сіздер бар болғаны мұзтаудың шыңын ғана көресіздер, сыртқы болмысына ғана мән бересіздер. Бірақ мұның артында не тұрғанын байқамайсыздар да” деп жазып жөнсіз сынаудың қажеті жоқ екенін айтты.

90

Ары қарай  “Адам мақсатына жетуі үшін аянбай тер төгуі мүмкін. Тереңірек үңілген кезде, қызғаныш сезімі орынсыз болып көрінеді. Ninety One тобы туралы жағымсыз пікір білдіретін адамдар. Олардың мақсатына жету үшін қандай қиындықтарды өткергендерін білсеңіздер ғой. Төзім, еңбек пен табандылық…” деп аталған топтың әлі де аянбай еңбек етіп жатқанын тілге тиек етті.

Бұдан өзге “eaglez” атты жанкүйерлеріне алғыс айтып, оларды Ninety One тобының да жақсы көретінін, ал үнемі сынауға дайын тұратын қазақ эстрада әншілерінің бұл әрекеттері дұрыс емес екенін жеткізді. Жігіттерге мұның барлығы әлі басы екенін айтып, сынға төзімді болуға шақырды.

96

Ерболат Беделхан жарының бұл пікірі қаншалықты орынды екенін білмейміз. Оны халық өзі шеше жатар. Өйткені осы уақытқа дейін Төреғали Төрәлі, Тоқтар Серіков, Ринат Зайытов аталған топты сынап, тіпті, топты “шайтанға”, ал продюсерін қылмыскерлерге  теңеген болатын. Ал Баян Есентаева керісінше топқа қолдау көрсеткен-ді.

Талқылау