Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Асүйде шыққан өртті сумен өшіруге болмайды — құтқарушылар

Өсімдік майының әсерінен өрт шықса, оны кір жуатын ұнтақ немесе гүл отырғызылған топырақпен сөндірген жөн. Бірақ қандай жағдай болмасын, суды қолдануға болмайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Life.ru сайтына сілтеме жасап. 

Өрт

Сондай-ақ, құтқарушылар бөлме іші көк түтін болған жағдайда сыртқы есікті ашып, үйде қалуға кеңес берді. Ал егер лифтінің іші көк түтін болса, онда оны ешкім кіре алмайтындай бұғаттау қажет. 

Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік асүйде өрт көбінесе май салдарынан шығатынын айтты. Мұнымен қатар, олар мұндай жағдайда мүлдем су қолдануға болмайтынын ескертті. Әйтпесе, өрт бұрынғысынан бетер лаулап жануы мүмкін. 

Бұдан өзге құтқарушылар балконда шыққан өрттің аса қауіпті екенін жеткізді. Себебі, ол жоғарғы қабатқа тез таралады. Осы орайда, балконда шыққан өртті мүмкіндігінше жылдам өшірген жөн. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр