Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астрономдар қашан бір тәулікте 25 сағат болатынын айтты

Британиялық астрономдар жер бетінде бір күні тәулік 24 емес, 25 сағатқа созылатынын айтты.

zemlya5

Фото: Ziv.ru

Бұл туралы Sky News хабарлайды.

Зерттеушілер 720 жылдан 2015 жылға дейінгі аралықтағы ай мен күннің тұтылуын зерттеп шыққан. Британиялықтардың сөзінше, жердің айналуы біртіндеп баяулап келе жатыр екен.

Лесли Моррисон бастаған ғалымдар ежелгі Египет, Вавилон, Грекия, ортағасырлы Европа мен америкалық үндістер заманындағы тәуліктік ұзақтықтарды да есептеп шыққан.

Біздің планетамыздың қозғалысының баяулағынын есепке алған ғалымдар, әр 100 жыл сайын Жер өз өсінен айналуды 1,8 миллисекундқа азайтып отырады дейді.

“Күннің тұтылуы біздің планетамызда болатын судың көтерілуіне ықпал етеді. Бұл ретте мұздардың еруі, жер сілкінісі және басқа да факторлар бар. Біртіндеп қозғалыс тым баяулай бастайды.

Ғалымдардың пайымдауынша, шамамен 200 миллион жылдан кейін қысқы тәулік 25 сағатқа ұзарады.

Оқи отырыңыз:

Аустралияда 5 жасар бүлдіршінге жынысын ауыстыратын ота жасалмақ

Үнді азаматы әйелі секпен айналыспай қойғаны үшін өзінің жыныс мүшесін кесіп тастаған

Сауд Арабиясының тұрғындары көше сыпырушыға көп алтын мен қымбат смартфондар сыйлады

Тойына тікұшақпен келмек болған қалыңдық көз жұмды (фото)

Талқылау