Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астронавт Скотт Келли ғарыштағы құмды боранды әлеуметтік желіге жариялады

Халықаралық ғарыш станциясы бортында орналасқан америкалық астронавт Скотт Келли Tumblr әлеуметтік желісінен жеке блогын ашты. Ол алғашқы жазбасында космос станциясынан түсірілген көріністі ұсынды. 7099

Бұл туралы Лента.Ру хабарлайды.

Келли бұл фотоны 2015 жылдың наурызы мен 2016 жылдың қаңтары аралығында түсірген. Ол жерде қар және құм бораны көрінеді. Ал жаңа суретте 22 қаңтар күні АҚШ-та үдей соққан «Джонас» қар дауылы көрсетілген. Бұған дейін аталмыш кадрды Келли, өзінің Туиттердегі парақшасында да жария еткен болатын.pic_2dc9bc451b287b01e5964bc6b34098af

«Джонас» дауылының құрбандары ресми дерек бойынша 41 адамға жеткен. Джорджия, Пенсильвания, Теннесси, Мэриленд, Виргиния және Солтүстік Каролина штаттарында төтенше жағдай жарияланған. Сондай-ақ, бұл дауылдың бір шеті Нью-Йорк, Бостон, Филадельфию және Кентукки штатына да тиіп өткен. Сарапшылар дауылдан кейінгі экономикалық шығын 2,5-3 млрд долларға жетуі мүмкін деп болжап отыр.

Tumblr әлеуметтік желісі пайдаланушыларға фото, видео жүктеп және мәтіндік посттар да жариялауға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда аталмыш желіде 209 миллион блог тіркеліп, 94,7 миллиард пост жазылыпты.

Талқылау