Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астрологтар мешін жылына болжам жасады

Астрологтар келе жатқан жаңа жылды қызыл түсті киіммен қарсы алу жөнінде кеңес берді. Өйткені жақсылық әкелетін аспан жұлдыздарының көзі биыл қызылда болады екен.

1448516686_1356372_1

Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

«Нақ осы мешін жылы ел есін жинай бастайды» дейді әйгілі астролог Анастасия Водяникова. Доллардың бағамынан әбден зәрезап болған жұрттың тұрмысы түзеліп, тіршілігі оңалады. Тапқыр әрі ақылды мешін көкейдегі көп мәселенің түйінін шешіп беретін көрінеді. Ең бастысы, ашуға бой алдырмаған дұрыс дейді жұлдызшы. Әйтпесе, аспан денелері ондай кісіден теріс айналса керек. Жұлдыздарға қарап жорамалдағандар алдағы жыл үйленуге, бизнес бастауға таптырмайтын кезең деп отыр.

Анастасия Водяникова, астролог: “Мешін жылы от белгісіндегі жұлдыздардың жолы болады. Олар – Арыстан, Торпақ және Мергендер. Әрі аз сөйлеп, батыл қимылдайтын жандарға болысатын болады. Сол себепті, бос сөзді қойып, бақыт пен байлықты тек еңбекпен тапқан дұрыс”.

Талқылау