Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астананың жаңа әкімі: Жұмысқа жаяу барамын

Үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрағына жауап берген Астана қаласының жаңа әкімі Бақыт Сұлтанов таңертең жұмысқа жаяу баратынын айтты. Бірақ ол таксиді де пайдалануды жалғастыратын болады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Астананың жаңа әкімі жұмысқа жаяу келетін болады

Әкімнің сөзіне қарасақ, ол жұмысқа бұрыннан жаяу барып жүрген көрінеді.

«Мен бұған дейін де таңертең жұмысқа жаяу келіп жүрдім. Қазір айналып жүруге тура келеді, бірақ менің жұмысым үйден алыс емес. Бұның да өз пайдасы бар. Өйткені, мен жұмысқа барар жолда көшелерді тексеріп, кемшіліктерді көре аламын және тиісті нұсқау беремін. Ал, күндіз жұмысыма таксимен келемін. Себебі, әкімшіліктің бұрынғы басшысы қабылдаған прогрессивтік идеяларды тоқтатуға болмайды, олар жалғасуы керек. Сондықтан, менің басты міндетімнің бірі жаңа инновациялық және шығармашылық идеяларды тоқтатпай, нақты нәтижелерге жету үшін жалғастыру керек деп есептеймін», – деді Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау