Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астананың туған күніне орай үш метрлік торт пісірілді

«Үздік аспаздық туындылары» – торттар, арт-объектілер атауына лайық қамырдан жасалған өнімдер – осы ғажайыптың бәрін жасаған Ренат Агзамов.

үш-метр-торт

Бұл туралы  BNews.kz жазды.

Астанада өткен «Интеллектуалды кондитер» семинарына қатысқандар ең танымал кондитер, кондитерлік өнерден Ресей чемпионы, кондитерлік шеберлік мектебінің негізін қалаушы, сондай-ақ, «Ресей бас аспазшылары гильдиясы» кеңесінің мүшесі Ренат Агзамовпен танысты.

Кондитердің айтуынша, тамақ әзірлеу – олардың отбасылық кәсібі. Ренат Агзамовтың ағасы Сочи қаласының үздік аспазшыларының бірі атанған. Соңғы жылдары ол үйлену тойларына арнап бір-біріне мүлдем ұқсамайтын 3 мыңға жуық торт пісірген. Мейманның десертке қосатын ең сүйікті ингредиенті – шоколад: Ренат барлық дерлік тортқа шоколад велюр жағады.

Мереке қарсаңында Астанаға ат басын тіреген Ренат Агзамов елорда тұрғындары мен қонақтарын құттықтап, Қазақстанның гүлденуін тіледі.

 

 

Талқылау