Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Астананың” Европа лигасының топтық кезеңіндегі қарсыластары анықталды

Монака қаласында УЕВА Европа Лигасының топтық кезеңіндегі командаларды анықтайтын жеребе тастау рәсімі өтті.

zherebjovka-ligi-chempionov-i-ligi-evropy-itogi_14389465821415031990

Фото: championat.com

Нәтижесінде қазақстандық “Астана” командасы В тобына түсті. Елордалық клуб грекиялық “Олимпиакос”, кипрлік АПОЭЛ және швейцариялық “Янг Бойз” командаларына қарсы ойнайды.

Топтық кезеңнің матчтары 15 және 29 қыркүйекте, 20 қазанда, 3 және 24 қараша, 8 желтоқсан күндері өтеді. Бір қызығы “Астанамен” бір топқа түскен командалардың барлығы Еврокубоктық маусымды Чемпиондар Лигасының іріктеу бәсекелерінен бастаған. Яғни, барлығы да өз елінің чемпиондары.

“Астана” шотландиялық “Селтиктен” өте алмаған соң, Европа Лигасы үшін күресуге мүмкіндік алған еді. Сөйтіп, беларусиялық БАТЭ клубын екі кездесудің қорытындысы бойынша жеңіп, топтық кезеңде ойнау мүмкіндігіне ие болып отыр.

Жалпы Европа Лигасына 48 команда қатысады. Әр команда үйдегі және түздегі кездесулерді қоса есептегенде 6 матч өткізеді.

“Астана” Қазақстан футболының тарихиында Европа Лигасының топтық кезеңіне шығып отырған екінші команда. Бұған дейін 2013-2014 жылғы маусымда қарағандылық “Шахтер” топтық кезеңде өнер көрсеткен. Ал әзірге “Астана” Чемпиондар Лигасы мен Европа Лигасының топтық кезеңінде ойнаған қазақстандық жалғыз команда.

Талқылау