Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астананың бұрынғы полицейлері пара алғанына өкінді

Астана қаласы  ішкі істер органдарындағы әрбір бесінші жемқорлық қылмысты жол полицейлері жасаған. Бұл туралы жемқорлыққа қарсы қызмет ұйымдастырған профилактикалық дәріс кезінде айтылды. 

20160714113331

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Жол полициясының жеке құрамына пара алғаны үшін ұсталып, қазір жазаларын өтеп жатқан тәртіп сақшылары жайлы видеоролик көрсетілді. Соның ішінде елордалық полицияның бұрынғы қызметкерлері Д.Еділов пен Б.Спановтың өкінгені көрсетілді.

«Астана қаласы ішкі істер органдарындағы әрбір бесінші жемқорлық қылмысты жол полицейлері жасаған. Көп жағдайда олар пара алғаны және қызметін асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады», – деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар ұлттық бюросының баспасөз қызметінен.

20160714113357

Сонымен қатар ҚР ІІМ құрылымдық және аумақтық құрылымдарының басшылары жасаған қылмыстардан мысалдар келтірілді.

Ұлттық бюро төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев жол полицейлері қатарында кез келген жемқорлық әрекеттерге абсолютты төзімсіздік ортасын қалыптастыру керек екенін айтты.

Сонымен қатар жемқорлыққа қарсы қызмет қытайлық тәжірибе бойынша жол полицейлері үшін түрмеге «экскурсия» ұйымдастыруды ұсынды.

Талқылау