Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астананың бірқатар көшелерінде біржақты қозғалыс енгізіледі

Бұл ретте жол полициясының қызметкерлері бастапқы кезеңде көлік құралдарының жүргізушілерін аталған учаскелерде жол жүру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпайды.

9787722

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

28 мамырдан бастап Астананың кейбір көшелерінде біржақты қозғалыс енгізіледі деп хабарлайды елорданың ресми сайтында.

Бекітілген жоспарға сәйкес, біржақты қозғалыс алдымен қаланың келесі учаскелерінде енгізіледі: Әуезов к-сі (Республика даңғылынан Ә.Молдағұлова көшесіне дейін). Учаскенің ұзындығы — 2,9 км; Желтоқсан көшесі (Московская көшесінен Кенесары көшесіне дейін). Учаскенің ұзындығы — 2,0 км.

Содан кейін, 10 маусымынан бастап келесі көшелерде біржақты қозғалыс енгізіледі: Абай даңғылы (Сарыарқа даңғылынан Пушкин к-сіне дейін). Учаскенің ұзындығы — 4,6 км; Кенесары к-сі (Пушкин к-сінен Сарыарқа даңғылына дейін). Учаскенің ұзындығы — 4,3 км; Янушкевич к-сі (Абай даңғылынан Иманов к-сіне дейін). Учаскенің ұзындығы — 0,7 км.

Жоғарыда аталған жол учаскелеріндегі біржақты қозғалыс жолының жалпы ұзындығы 14,5 км құрайды. Мамандардың қорытындысына сәйкес, елорда көшелерінде біржақты қозғалыс енгізу жолдың жүріс бөлігінің өткізу қабілеттілігін 25% дейін арттыруға, қиылыстарда тұрып қалу уақытын 29% азайтуға, көлік ағыны жылдамдығын 33% дейін арттыруға мүмкіндік береді, ал жолдың орташа уақыты 20% төмендейді.

“Айта кетейік, біржақты қозғалысты енгізу қалалық қоғамдық көлік қозғалысы сызбасына әсер етпейді, өйткені, жоғарыда аталған учаскелерде «Bus lane» жеке жолақтары жасалған”,-делінген хабарламада.

Бұл ретте жол полициясының қызметкерлері бастапқы кезеңде көлік құралдарының жүргізушілерін аталған учаскелерде жол жүру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпайды.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда автобустарға арналған тағы бір қосымша жолақ пайда болды

Талқылау