Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана тұрғыны қақаған қыста көйлекпен жүреді

Үстеріне тон, бастарына тымақтарын басып киген Астана тұрғындары көше бойлап жазғы көйлекпен кетіп бара жатқан адамға ерекше таңдана қарайды. Қыстыгүні дәл бұлайша суыққа төзуге бола ма деген сұрақты көздерінен байқауға болады. Ал бұл денсаулықты нығайтудың өзіндік рецептін ойлап тапқан Қайырбек Аяшев. 5d4066d6ec4f0ea4e48a4ea49a6fd2df

Фото: massaget.kz

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Қайырбек Аяшевтан дәл бұлайша төзімділік танытудың сырын көп адам сұрайды екен. Көбісі киімдер ұсынып, көлікпен жеткізіп салғысы да келетін ниеттерін байқатады. Ал ол болса жәй ғана жымиып жауап қайтарады. Қайырбек ызғарлы Астанаға жылы Оңтүстіктен бірнеше жыл бұрын қоныс аударған. Суық климатқа үйрену үшін ол өзіндік әдіске көшеді. «Жылыну үшін, шешіну керек» деген ұстанымды ұстанады.

«Мен мұзды суға түсіп дене шынықтыруды, йогамен айналысуды қарастырамын. Бұлар ұзақ жыл өмір сүруге мүмкіндік сыйлайды. Көп адам мені минингит, гайморит, простатит, сүйек ауруларымен ауыратын шығар деп те болжаған», – дейді Қайырбек.

c79e7f1dd38a81f09a374e0c8fc706bb

Алайда, ол бір де бір рет вирустық ауруларға, суық тигізіп тұмауратуға ұшырамаған. Әрине, кейде киінуге тура келеді. Ал әдеттегі -40 градусқа дейінгі аяздар кезінде ол далада көйлекшең жүре береді. Ал, егер -40 тан асқан кезде, ол үстіне ең көп дегенде свитер ғана киюі мүмкін.

Светлана Абдрашитова

Талқылау