Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Астананың іргесінде тұратын тұрғындар ауыл маңына нәжіс төгілетінін айтып шағымданды

Астана маңында қалдық суларды төгетін жүргізушілердің заңсыз әрекеті толастамай тұр. Жұрттың шағымынан соң, жауаптылар рейд жүргізіп, бірқатар кемшіліктерді анықтады. Мәселен, Талапкер ауылының маңын белігісіз біреулер қоқыс полигонына айналдырып, нәжістерді ұдайы төгетін көрінеді. Ескертулерге де назар аудармайды. Ал, жергілікті әкімдік бар мәселені білетін болып шықты. Айтуларынша басқа төгетін жер жоқ екен.

Астананың іргесінде тұратын тұрғындар ауыл маңына нәжіс төгілетінін айтып шағымданды

Бұл туралы "Еуразия бірінші арнасы" хабарлайды. 

Коммуналдық шаруашылық мамандарының үш күнгі тексерісінің нәтижесінде бірінші күннің өзінде 10-ға жуық көлік жүргізушілері ұсталған. Қаладағы қоқыс тастайтын орын пысықайлардың тұрағына айналғандай. Жайбарақат, көліктеріндегі сасық суды жерге төкті. Олар түсірілім тобын көре сала, жүргізушілер кәріз суын төгіп бітірместен тайып тұрды.   

Астана іргесіндегі Талапкер ауылының маңындағы елді мекен жұрты белгісіз біреулер кәріз қалдықтарының суларын айналамызға төгіп жатыр деп шағымданған болатын. Нәтижесінде коммуналдық шаруашылық өкілдері заңсыз әрекетке барған жүргізушілердің жолын 3 күннен бері аңдумен әлек. Мұнда айнала күл-қоқысқа толы. Ал, қолқаны қабатын иістен дем алу мүмкін емес. Жыл басынан бері 60 жүргізушіні ұстап оларға 2,5 млн теңгеге айыппұл салғанымен, бұл пысықайлардың әрекетіне еш тосқауыл болмай тұр.       

Талапкерліктердің пікірін білмек болып жүргенде жергілікті әкімнің 
орынбасарымын деген адамды кезіктірдік. Ол біраз шындықтың бетін ашып берді. Ол дәл мұрнының астында болып жатқан оқиғалардың барлығынан хабардар екен. Қалдықтарды қалаға апару қымбат, сондықтан амалсыздан қауіпті болса да ауыл маңына нәжістерді төгіп жатырмыз деп ақталды.

«Мысалы, жаңағы АС көлігін 3 мыңға алады. Қазір, егер де оның барлығын қалаға жіберсек, Көкталға жіберсек, Көкталда, мысалы, келісімшартмен 10 мың. Сонда ол кісі жұмысы, бензині бар, жұмысы 3 мың емес 10 мың болады»,  - дейді әкімнің орынбасары.

Белгілі болғандай, 20 мыңнан астам халқы бар талапкерліктер 3 мың теңгеге көлік жалдап ауласындағы нәжіс суларды сордырады. Ал, қайда апарып төгеді, денсаулықтарына тигізер әсері барынан көбісі бейхабар екен. 

«Ақшасын төлейміз. Былтыр естігенбіз, қалаға апарып төгіп жатыр дегенді. Биылдыққа сұраған емеспін, шынымды айтсам. Бірақ, жалпы халықтан естідік Талапкердің бір жақ шетінде төгіп жатыр дегенді», - дейді Талапкер ауылының тұрғыны Гүлшат Хамзина.

«Астана су арнасы» мамандары барлық ассенизатор көліктерін күндіз-түні аңдуға мүмкіндіктері жоқтығын айтады. Себебі, жекеменшік қалдық суды соратын көліктер қалада өте көп. Ал, кез-келген азамат сасық суды белгіленбеген жерге төгіп жатқанына куә болса дереу құзырлы органдарға хабарласуға кеңес береді.   

«Сіздер қазір ғана Талапкер ауылының маңына қалдық суларды заңсыз төгіп жатқанына куә болдыңыздар. Мұндай жағдай бүгінде қалада да кездеседі. Осы арқылы адамдар экологияға, өздерінің денсаулықтарына зиян келтіріп жатқанын білмейді. Мұндай рейд алдағы уақытта да жалғасады. Ұсталған жүргізушілерге айыппұл салынады», - дейді  «Астана су арнасы» МКК баспасөз қызметінің жетекшісі Назгүл Тәліпова.

Сасық суларды белгіленбеген жерлерге төгетіндермен күрес одан әрі жалғаспақ. Егер де, заңды белшесінен басқандар ұсталған жағдайда оларға 10 айлық есептік көрсеткіш айыппұл немесе көлік жүргізу құқығынан айыру жазалары көзделген.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр