Астаналықтың желідегі дәлелсіз жаласынан кейін өрт сөндірушілердің үйіне “қатты тінту” жүргізілді

Пәтерінде өрт шыққан астаналықтың ұрлық туралы желідегі жазбасы өрт сөндірушілерді әлекке салды. Бұл туралы Астанадағы баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Астана қалалық ТЖД Өрт сөндіру және апаттық-қорғау қызметі бастығының орынбасары Руслан Екішевтің айтуынша, зардап шегушінің жазбасы өрт сөндірушілердің абыройына нұқсан келтірген. 

“Желіде бізге көптеген жала жабылды. Болмаған ұрлық туралы айтылды. Келесі күні қызметкерлердің үйі тінтілді. Өте қатты. Түнгі сағат 3-4-те тінту басталды, кей отбасында жүкті әйелдер қорқып кетті. Бізді көрген адамдардың барлығы бізді ұры деп айыптады. Енді қызметкерлер өртті сөндіру кезінде пәтерге кіруден моральдық түрде қорқады. Кейбіреулерінің жұмыс істеуге құлшыныстары түсіп кетті“, – деді Екішев.

Еске сала кетейік, 16 наурызда Астана тұрғыны Асхат Сұлтановтың пәтерінде өрт шықты. 10 шаршы метр аумақты алған өртте үй жиһаздары жанып кетті. Өрт сөндірушілері 30 минутта өртті сөндіріп үлгерді.

Сұлтанов желіде 15 миллон теңгесі жоғалғанын жазып, өрт сөндірушілерді кінәлаған. Кейін, полиция қызметкерлері ұрлық пен өртке кінәлі тазалау компаниясының қызметкерлерін ұстады. Күдіктілер жоғалған аақшаның жартысын қайтарды. 

Асхат Сұлтанов өрт сөндірушілерден кешірім сұрады.

“Сол кезде мен қалада болмадым. Баарлығын достарымнан естідім. Мен бірінші олаардан оқиғаның қаалай болғанын сұрадым. Сіздердің қызметтеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Расымен өте жылдам жұмыс істедіңіздер”, – деді Сұлтанов.

Тағы оқыңыз:

Молдова кәсіпкерінің ісі: Әділет министрлігі Вашингтон сотының шешімі туралы пікір білдірді

Сағынтаев: Кемероводағы қайғылы жағдайдан сабақ алуымыз керек

Павлодарда көлік жүргізу құқығынан айырылған шенеунік тағы да рөлге мас күйінде отырған

Алматыда көлік жүргізушісі желі арқылы түскен шағымнан кейін айыппұл төлейтін болды

 

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар