Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналықтарға балалардың ішкі ағзаларын кесіп алатындар жайлы хабарламалар келіп жатыр

 

Астаналықтардың телефонына балалардың ішкі ағза мүшелерін кесіп алатындар жайлы хабарламалар келіп жатыр.

1dfe6fdd95612db80d3f26fee36b6189

Бұл туралы ЭкспрессК хабарлайды.

Астананың кейбір тұрғындарының ұялы телефонына WhatsApp желісі арқылы балалардың ішкі ағза мүшелерін аулаушылар жайлы хабарлама келіп жатыр.

Белгісіз автор сенімді түрде оның танысының қызы жоғалып кеткенін, кейіннен оны қала сыртынан ес-түссіз халде жалаңаш тапқанын және қыздың басында медициналық бахила болғанын жазған. Жұмбақ жанның айтуынша, қызға кәсіби түрде ота жасалып, оның бүйрегін кесіп алған.

Астананың ІІД баспасөз қызметінде мұндай оқиғаның болмағанын айтады. Сондай-ақ, жалған ақпарат үшін 2 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеу не 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалатынын да айтып өтті. Полицейлер қорқынышты жалған ақпарат таратушыны іздестіріп жатыр.

Михаил Дворянчинов

Жіберіп алмаңыз:

Хакерлер Орынбор үкіметінің сайтын бұзып, Қазақстан туралы жалған ақпарат жариялаған

Талқылау